Алматы тұрғындары расымен НЛО ұшқанын көрді ме?!
Таяуда әлеуметтік желілерде Алматыдағы Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығы маңында НЛО пайда болғаны бейнеленген видеоролик тараған болатын. Креативті видеоны Sulpak компаниясы жасаған болып шықты. Қазақстандағы аса ірі техника сатушы осы видео арқылы жаңа HONOR X9b смартфонының сатылымы басталғанына көпшіліктің назарын аударғысы келген.
Sulpak пен HONOR компаниялары бірлесе отырып, жаңа өнімге осындай ерекше тәсілмен қоғамды елең еткізді. Жаңа құрылғының сипаттамалары озық болғаны соншалық, оны жерден тыс жасалған технологиялармен салыстыруға да болады.
HONOR X9b-дің артықшылықтары туралы қысқаша айтып өтсек:
— аса төзімді экран;
— жан-жағының қорғалуы мен құлау кезіндегі төзімділігі үшін швейцариялық 5 жұлдызды SGS сертификатына ие болған алғашқы смартфон;
— анық экран 1.5K;
— төгіліп тұратын экранының ажыратымдылығы 2652×1200 пиксель, ол миллиардтан астам түсті қамтиды, дисплей арқылы контентті ерекше етіп көрсетеді;
— сыйымды батареясының көлемі — 5800 мА*ч;
— 12 сағат бойы белсенді қолдануға жететін батареясы үшін DXO алтын белгісін алған;
— панелі премиум санатындағы былғары материалынан жасалған.
Алматылықтар мен қала қонақтары оның артықшылықтарын өз көзімен көрді. Ол үшін 11 қараша күні Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығында арнайы шара ұйымдастырылып, кез-келген адам НЛО оқиғасының жалғасын тамашалап қана қоймай, оған қатыса да алды.
Ұшатын нысаннан ішіне құрылғы салынған капсула жерге құлады. Биіктіктен құлаған озық смартфонға ешбір зақым келген жоқ. Бұл — көпшілік алдында мұндай сынақ жасаған алғашқы бренд, өйткені өндіруші HONOR X9b смартфонының төзімділігіне толық сенімді.
Dostyk Plaza сауда орталығына келушілер жаңа модельмен жан-жақты танысып, HONOR X9b ұтысына да қатысты.