Ақтөбе облысы Темір ауданын су басты
Асхат Шахаров су тасқыны жағдайы тіркелген Темір ауданының Шұбарқұдық ауылына келді. Ол Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге ауылды аралады.
Қазіргі уақытта ауылда су деңгейі түскенімен, жаңбыр жауып тұр. Аудандық су тасқынына қарсы штаб мәліметінше, 5үйге су кірген, 7 көшені және 25 ауланы су басқан.
Ахуалды тұрақтандыру үшін әскери қызметшілермен қосқанда, 200-ден астам адам мен 34 техника жұмыс істеп жатыр. Су айдау жұмысы мен ағыстың бағытын бұру, бөгеу ісі қарқынды.
Өңір басшысы тұрғындармен кездескенде арнайы комиссия жұмыс істеп бастағанын, төтенше жағдай жарияланбаса да, үйлеріне зақым келген тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.