Француз бульдогтары YANG LAIN және 1664 Rose коллаборациясына шабыт берді
Қазақстандағы трансформер заттардың бірінші бренді YANG LAIN француз бульдогтарына деген сүйіспеншіліктің символы ретінде киімнің жаңа топтамасын жасау үшін 1664 брендімен бірікті.
Брендтердің синтезі, Kronenbourg 1664 Rose сусынының Қазақстан нарығына және Kazakhstan Fashion Week қарсаңында YANG LAIN жаңа топтамасының шығарылуына орайластырылған.
Жаңа топтаманың шабыты 1664 брендінің символы француз бульдогтары болды. Жыл сайын мыңдаған үй жануарлары иесіз қалады және жаңа топтама адамдарды осы мәселеге назар аударуға және Қазақстандағы @frenchies_help француз бульдогтарына көмек көрсететін еріктілер тобына қолдау көрсетуге шақырады.
1664 брендінің дизайнері (және қоса атқарушы амбассадор) Адиля Ботабаева жасаған жаңа киім топтамасы-спорттық және ресми костюмдер, трансформер киім үлгілерін ұсынады.
Коллекцияның тұсаукесеріне 1664 брендінің амбассадорлары– Kazakhstan Fashion Week негізін қалаушы Алексей Чжен және Asaý Júrek брендінің негізін қалаушы Марина Аничкина, сондай — ақ @frenchies_help құтқарушылары әрі сүйкімді модельдер — француз бульдогтары Дрого, Халиси және Миссандей қатысты.
1664 және YANG LAIN шығармашылық коллаборциясының нәтижесін 20 сәуірде Kazakhstan Fashion Week подиумында көруге болады.
Сән апталығы аясында интерактивті бренд аймағы да ұсынылады.
Аукционда коллекцияны сатудан түскен қаражатты @frenchies_help еріктілеріне, топтың қамқорлығындағыларды емдейтін ветеринарлық клиникалардағы шоттарды жабу үшін көмекке жіберіледі.
Ұйымдастырушылар қазақстандықтарды осы оқиғаға қосылуға және сәнге деген сүйіспеншілік пен жануарларға қамқорлық көрсетуден шабыттанған қайырымдылық бастамасын қолдауға шақырады.
Kronenbourg — француздық сыра бренді, Carlsberg Group халықаралық сыра қайнату компаниясының жетекші брендтерінің бірі. Kronenbourg 1664 — Франциядағы ең танымал сыра, ол елдегі ішкі сыраны тұтынудың үштен бірін құрайды. Экспорт әлемнің ондаған елдеріне жүзеге асырылады.
1664 Rose — қызыл жидектер мен көп дәмге ие, жеңіл және сергітетін бидай сусыны.
Yang LAIN – дизайнер әрі сәнгер Адиля Ботабаева негізін қалаған Қазақстандағы трансформер заттардың бірінші бренді.
@frenchies_help — негізін қалаушылар Елена Звегинц пен Виталий Андриевский 4 жылдан бері өз командаларымен бүкіл Қазақстан бойынша табылған және иелері бас тартқан фрэнчиктерді құтқарып, емдеп, жаңа отбасыларға қосып келе жатқан Қазақстандағы француз бульдогтарына көмек көрсететін ерікті топ!