Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттеді
Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттеді.
2024 жылғы 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.
Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады.