Эдуард Ким — Әлем Кубогының жеңімпазы
Ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ким Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем Кубогының кезеңінде алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз техникалық бағдарламада 204.3900 ұпай жинап, тағы да үздік екенін паш етті. Бұл Эдуардтың Әлем Кубогында жекелей сында алған алғашқы алтын медалі. Ол осыған дейін былтыр Испания мен Франциядағы кезеңде күміс, ал Маркемдегі сайыста күміс (техникалық) пен қола (еркін бағдарлама) жүлдеге қол жеткізген.
Ал әйелдер арасында Карина Магрупова осы бағдарламада 5-сатыдан көрінді.
Айта кетейік, 2 маусымға дейін өтетін кезеңде 16 елдің 88 спортшысы сынға түседі.