Абай облысында 200 ден астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды
![](https://nazarmedia.kz/wp-content/uploads/2023/06/photo_2023-06-01_15-53-03.jpg)
Абай облысының қалалары мен аудандарының халықты жұмыспен қамту орталықтары 2023 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар 205 тұрғынға жұмыс табуға көмектесті. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 41 адам, субсидияланатын (уақытша) – облыстың 164 тұрғыны жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа, азаматтардың басқа санаттарын жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі, оның ішінде 5 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 жас «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша, 2 – «Бірінші жұмыс орны» бойынша және тағы 12 – «Күміс жас» бағдарламасы бойынша жұмысқа, 139 — қоғамдық бағыттағы жұмысқа орналастырылды.
Қазір оның көп бөлігі тігінші, мұрағатшы, күзетші, іс жүргізуші және оператор болып жұмыс істейді.