Абай облысында барлық мектеп ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр

2023 жылғы қыркүйектен бастап облыстың барлық 302 білім беру ұйымында 100 102 оқушыға  ыстық тамақ ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысы ББ Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Макия Амирханова айтып берді.

Облыс бойынша 275 мектепте ас блогы, тамақтану залдары бар. Буфет жобасында  8 мектеп жұмыс жасайды.

24 шағынжинақты мектептерде (Семей қ., Ақсуат, Аягөз, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар ауд.) асхана жоқ. Бұл мәселені шешу мақсатында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде оқушылардың тамақтануына бейімделген кабинеттер дайындалып, 462 оқушыға кейтеринг (осы мектепке тікелей жақын орналасқан жақын маңдағы  мектептерден (5 км-ге дейін, 10 км-ге дейін, 20 км-ге дейін және одан жоғары) ыстық тамақты тасымалдау арқылы  ұйымдастырылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бастауыш сынып оқушыларын қосу арқылы оқушылардың «басқа» санаты кеңейтілді. Бұл 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы кезеңде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 55 718 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптың 40 905 оқушысы, 5-11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал топ санатынан шыққан 14 813 оқушы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Мектеп оқушыларының рационын нормаларға сәйкес келтіру мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджеттен тегін тамақтандыруға қосымша қаражат бөлініп, облыс бойынша тегін тамақтандырудың орташа құны 620 теңгеге (2023 жылы — 565 тг.), буфеттік тамақтандырудың құны 430 теңгеге (2023 жылы – 384 тг.) көтерілді. Тамақтану құнына мектептегі бір реттік тамақтандыру нормаларына сәйкес өнімдер кіреді.

Сапалы теңдестірілген тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында облыстық Білім басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттары қаралып, бақылануда. Өңірлерде шығарылатын отандық өнімдерді пайдалана отырып, ас мәзірін әзірлеуге қатысты қағидалар мен бракераждық комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың мүшелері үшін мониторинг топтары қызметінің тәртібі туралы заңнамалық нормалар басшылыққа алынуда.

Қалалық/аудандық білім бөлімдерінен 10 ведомствоаралық сараптамалық топ жұмыс істейді.  Бүгінгі күнге 94 зерделеу жүрді, оның ішінде 77 мектеп, 10 балабақша және 7 интернаттық мекемелердегі бракераждық комиссияларының қызметі зерделенді.

 Облыстық білім басқармасы жанынан құрылған жұмыс  тобы 1-4 сынып оқушыларын және білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы, теңдестірілген тегін ыстық тамақпен және буфеттік өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында екі апталық бірыңғай мәзір әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына жұмыста қолдану үшін жолданды.

2023 жылы бөлінген қаражатқа бірқатар мектептердің асханаларына ағымды жөндеу жұмыстары жүрді. Абай ауд. – Ш.Әбенов атынд. ОМ, Медеу ОМ, Бесқарағай ауд. – Өндіріс ОМ, Мало Владимировка ОМ (желдету жүйесі ауыстырылды), Бородулиха ауд. – Абай атынд ОМ, Семей қ. – Жарқын ОМ, Шульбинск ОМ, № 3 ОМ, № 4 ОМ, № 9 ОМ (шатыр жұмыстары).  

2024 жылға облыс бойынша 9 мектептің асханасын ағымды жөндеуден өткізу үшін тиісті қаражат бөлінді. Аягөз ауд. — Нұғыманов атынд. ОМ, Ғаббасов атынд. ОМ, Сейфуллин атынд. ОМ, Бесқарағай ауд. – Баймұратов атынд.ОМ, Мало Владимировка ОМ, Бородулиха ауд. – Комаров атынд. ОМ, Аманов атынд. ОМ, Курчатов қаласы — № 2 ОМ, № 3 ОМ асханаларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мектеп асханаларында 434 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде асхана блоктарында — 167, тамақтану залдарында — 267.

Тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес білім беру органдары мен ұйымдарының интернет — ресурстарында мектепте тамақтандыру туралы ақпаратты (ас мәзірі, фото тағамдары, мониторингтік топтардың актілері және т.б.) тұрақты негізде орналастыру жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күнге оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша мектептердің қызметі туралы 560 жарияланым орналастырылды.