Оралда бадминтоннан рейтингтік турнир басталды

Орал қаласында бадминтоннан «CONDENSATE Kazakhstan International Challenge» халықаралық турнирі басталды. Жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен келген спортшылар қатысуда.

2014 жылдан бері әр үш жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жарыс беделді «International Challenge» турнирлері қатарына жатады. Оралдағы турнир халықааралық бадминтон федерациясының (BWF) қолдауымен өтеді. Орал шаһарын дүбірге бөлейтін жарыс «International Series» халықаралық турнирлері санатына кіретін сайыстардан жоғары. Бұл жарысқа әлемнің үздік бадминтоншылар қатысуда. Өйткені спортшылардың осы турнирде жинаған рейтингтік ұпайлары 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін 33-ші жазғы оимпиада ойындарына лицензия алуға мүмкіндік береді.

Турнирді халықаралық бадминтон Федерациясынан бөлек, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ұлттық бадминтон федерациясы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, БҚО бадминтон федерациясы бірлесе ұйымдастыруда. Ал турнирінің бас демеушісі – «Конденсат» компаниялар тобы.
Жарыс сәуірдің алтысына дейін созылады.