Air Astana Франкфурт әуежайындағы жаңа терминалдан рейстерге қызмет көрсете бастады

5 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Франкфурт әуежайының жаңа 3-ші терминалында рейстерді қабылдап, жөнелте бастады.

Air Astana-ның тіркеу орындары, дербес тіркеу киоскілері және жолжүк тапсыру пункттері 3-ші Терминалдың 34-аймағында орналасқан. Бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының Алтын және Гауһар деңгейлерінің қатысушыларына төлқұжат бақылау аймағының артында 5-қабатта орналасқан Priority Lounge жаңа бизнес-залы қолжетімді.

Көктемгі-жазғы навигацияда Air Astana Франкфуртқа ұшу жиілігін арттырды: Астана мен Франкфурт арасындағы рейстер күн сайын, ал Алматыдан Франкфуртқа рейстер дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына үш рет қатынайды. Бұдан басқа, Оралдан Франкфуртқа апта сайынғы рейстер жалғасуда.

Терминал 3 – жолаушыларға өз бетінше қызмет көрсететін заманауи инновациялық терминал. Ұшу алдындағы рәсімдерден неғұрлым жайлы және жылдам өту үшін дербес тіркеу киоскілерді пайдалану абзал. Жаңа терминалдың үлкен аумағына байланысты жолаушылар әуежайға баруды алдын ала жоспарлап, ұшар алдында барлық рәсімнен өтуге қосымша уақытты ескерулері керек.

Air Astana баспасөз қызметі