Ақсудың өнеркәсіп алаңдарындағы атмосфералық ауаны «ақылды техника» қадағалап отырады

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты автоматтандырылған бақылау  жүйесін тәжірибелік-өнеркәсіктік қолданысқа қосты. Жабдық атмосфералық ауаны нақты уақыт режимінде автоматты бақылап, тәулік бойы ақпарат беріп тұрады.

Құны – 222,3 миллион теңгелік станция кәсіпорын мен Павлодар облысының экология департементі арасында жасалған Меморандум шарттары аясында орнтатылды. Ол қаланың шекара маңайы мен Ақсу ферроқорытпа зауытының санитарлық-қорғау аймағында орналасқан.

Жүйе автономды, автоматтандырылған. Жабдық ауада  азот пен көміртек оксидінің, азот және күкірт диоксидінің, сондай-ақ шаңның ең ұсақ бөлшектерінің мөлшері мен концентрациясын анықтайтын бес газ талдау құрылғысынан тұрады. Шағын ғана модульдік кешеннің тұрақты жұмысы негізгі және резервтік байланыс желілерімен, сондай-ақ үздіксіз қуат көздері бар электр жабдықтаумен қамдалған. Кешен метеорологиялық параметрлерді өлшейтін және екі жақты байланыс арналары арқылы деректерді беру мүмкіндігі бар өзінің метеорологиялық станциясымен жабдықталған. Нысанның қауіпсіздігін күзет және өрт дабылы жүйесі қамтамасыз етеді. Нақты уақыт режиміндегі мониторинг жүйесінің газ анализаторлар көрсеткіштері кәсіпорынның, компанияның және мемлекеттік бақылау органдарының мамандарына қолжетімді болмақ.

– Кәсіпорын өңірдің экологиясына бей-жай қарамайды, — дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджері Инна Давыдова. – Атмосфералық ауаның жай-күйін тұрақты түрде бақылау зауыт мамандарына кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін нақты білуге және жағдайды сәл де болса өзгертуге мүмкіндік береді. Іске қосып, деректерді ортақ жүйеге біріктіргеннен кейін өнеркәсіптік эмиссиялардың алты құрамдас бөлігінің мониторингі барлық мүдделі тарап үшін онлайн режимде қолжетімді болады.

Алдағы уақытта кәсіпорын мамандары зауыттың ферроқорытпа пештері мен қазаңдық агрегаттарының түтін мұржаларын автоматты бақылау жүйелерімен жабдықтауды жоспарлап отыр.