Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қатарынан екі балқыту цехына жаңа газ тазарту жүйесі салынып жатыр

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қатарынан екі балқыту цехына жаңа газ тазарту жүйесі салынып жатыр

Бұл құрылғыны толық жаңарту – үрдісті автоматтандыру және экологиялық мәселелерді шешуде қолжетімді ең озық технологияларды пайдалану деген сөз. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін қоршаған ортаға әсер 30%-ға төмендейді деп күтілуде. ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ бірегей жобаға 12 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.

«Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Сергей Прокопьев: «Ірі өндірістік компания бола тұра, қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша туған қалалар, қызметкерлер мен олардың отбасылары алдындағы жауапкершілікті жақсы түсінеміз. Сондықтан ERG үшін экология мәселелері – әрқашан басым бағыт. Бүтін бір Экологиялық стратегия әзірленген. Соның аясында қолжетімді ең үздік инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр, Үздік әлемдік стандарттарға ұмтылып, Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы бірінші және екінші балқыту цехтарының газ тазарту құрылғысын толығымен жаңғырту бағдарламасын әзірледік. Бұл мүлдем жаңа, тиімділігі өте жоғары заманауи кешендер болмақ»

Жаңғырту бағдарламасы аясында екі балқыту цехының газ тазалау жүйесі толығымен жаңартылады. Кезінде бұл бағдарлама Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы іс-шараларының тізіміне енген. Бүгінде жобаны іске асыруға 200-ден астам маман мен 23 техника жұмылдырылған.

«Қазхром» ТҰК» АҚ жобаларын іске асыру басқармасының жоба жетекшісі Виктор Колмычков: «Ақтөбе ферроқорытпа зауытында мұндай ауқымды қайта құру жұмыстары алғаш рет жүруде, — деді  – Технологиялық мәселемен шетелдік компания айналысты, шешімді ұсынбас бұрын ол ұзақ уақыт бойы өндірістің бүгінгі жағдайын зерттеді. Толығымен бәрін жаңартамыз дегеніміз – көнерген барлық құрылғыларды бұзып, орнына жаңасын қондырамыз. Қазір барлық электрлі сүзгілер әлдеқайда тиімді жеңдік сүзгілерге ауыстырылып жатыр. Олардың жұмыс тиімділігі 99%-дан асады. Біреуінің өзі 1170 м 2 алаңды тазарта алады. Бір сүзгі 11 шақырымды қамтиды екен. Осындай жалпы саны үш сүзгі орнатылады»

Жаңа газ тазалау кешендері толығымен автоматтындырылады. Ал барлық көрсеткіштер цифрлық тасымалдағыштарда сақталады. Нәтижесінде қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуге болады. Бұл мәліметтердің ашықтығы мен жылдамдығын көрсетеді.
Ақтөбелік металлургтер биыл жазда жаңа газ тазалау құрылғысын іске қосуды жоспарлап отыр.