HUAWEI nova 10 SE – ғашық жандарға арналған тамаша сыйлық!

Әулие Валентин күні жақындаған сайын көбісі сүйіктісіне қандай сыйлау керектігін жоспарлап жүрген болар. Неліктен ыңғайлы әрі әдемі гаджетпен таң қалдырмасқа?

HUAWEI nova 10 SE – бұл махаббат аясында ұзақ уақыт бойы ұмытылмас естеліктер жасауға көмектесетін ғажап смартфон. Ол барлық талаптарға сәйкес келетін ең керемет романтикалық әрекет болуы мүмкін.

Бұл смартфон Валентин күнінде тамаша сыйлық бола алады

Көптеген жандар сыртқы келбеттің маңызды екеніне аса мән береді. HUAWEI nova 10 SE жүрек пішінді қорапқа салынған шоколад немесе әдемі раушан гүл шоғы сияқты көздің жауын алады, алайда ерекшеленгісі келетіндерге көбірек жарасады.

HUAWEI nova сериясы дәстүрлі түрде сәнді түстермен ұсынылған, ал HUAWEI nova 10 SE Starry Silver, Mint Green и Starry Black секілді үш нұсқада қол жетімді. Сыйлықты таңдағанда смартфонның түсі сіздің сүйіктіңіздің мінезіне қаншалықты сәйкес келетінін ойланған абзал. Starry Silver үлгісіндегі модель күміс пен алтынның үйлесімі болып табылады, ол бізді технология өнермен біріктіретін алыс болашаққа апарады. Mint Green талғампаз жастарға арналған. Starry Black әр түрлі сыр-жұмбақтардың шешімін тауып, жаңа тартымдылық көздерін ашуға жол береді.

Әдемі фотосуреттер түсіріп, ғашықтар күнінде әлемге махаббатыңызды көрсетіңіз

 

HUAWEI nova 10 SE 108 мегапиксельді жоғары ажыратымдылықтағы портрет камерасы суретке түсіп, әлеуметтік желіде қарым-қатынасының көркем күнделіктерін жүргізгенді ұнататын жұптар үшін өте қолайлы.

9-in-1 Pixel Binning технологиясы және кең f/1.9 диафрагмасы бар смартфон камерасы кең ауқымды ортада, соның ішінде үй ішінде, сыртта, қараңғы немесе жарық қойылған жағдайларда түсірілім жасауға арналған. Pixel Binning 9-in-1 технологиясы жарықтандырудың динамикалық диапазонын кеңейту арқылы егжей-тегжейдің тамаша деңгейін қамтамасыз етеді. Кең f/1,9 диафрагма нақты фондық бұлыңғырлықты қолдану үшін түсетін жарықтың көлемін және өріс тереңдігін арттырады. Тіпті шаштың, тері реңкінің және басқа бет ерекшеліктерінің дәлме дәл көрсетуі арқылы нысанға назар аудартады.

Әулие Валентин күні жұлдыздар астында ашық ауада ас ішіп, айналаны тамашалаңыз

Сіз бен сүйіктіңіздің ортасындағы жалғыз жарық тек май шам болса да сіз естелік үшін жарқын фотосуреттер түсіре аласыз. RAW көп кадрлы біріктіру алгоритмі мен HUAWEI nova 10 SE смартфонының жетілдірілген көп кадрлы шуды азайту технологиясын біріктіре отырып, күңгірт ортада түсірілген суреттерде оңтайландырылған жарықтық және жалпы мәліметтерге көбірек көңіл бөлу үшін динамикалық диапазон жоғарылайды.

Түнгі уақытта суретке түсіру кезінде артқы жарықтандыру шамалы мәселе болуы мүмкін. Енді жарқыраған шырақтары бар табиғаты көркем көшенің бойында сүйіктіңіздің әдемі суретін түсіру өте оңай болады. Табиғи кескінге артқы жарықтандырылған көріністерді лезде анықтайтын және таза кескін сапасын қамтамасыз ету үшін реттейтін RAW көп кадрлы біріктіру алгоритмімен оңай қол жеткізуге болады.

Күні бойы суретке түсіру үшін смартфонның камерасын пайдалану көп қуат тұтынуы мүмкін. HUAWEI nova 10 SE 10 минуттық жылдам қуаттаудан кейін 4 сағаттық қысқа бейне ағынын қолдайтын 66 Вт HUAWEI SuperCharge көмегімен қуаттың аздығы туралы алаңдамауға көмектеседі. Жаңа қос төмен вольтты қуат және 3 ұялы батарея технологиясы бар болғаны 38 минутта[1] толық қуаттауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, смартфонның 4500 мАч батареясы да әсерлі ықшам пакетке сәйкес келеді. Huawei зертханалық сынақтарының негізінде толық зарядталған батарея 12 сағатқа дейін қысқа бейне ағынын қолдайды, бұл барлық пайдалану сценарийлері үшін өте қолайлы.

Netflix қосымшасын көруді, онлайн сатылым жасауды және әлеуметтік желілерде уақыт өткізуді ұнатсаңыз, 6,67 дюймдік HUAWEI Full-view OLED дисплейі сізге керемет сапалы бейнелер мен таңғажайып деңгейлерінен ләззат алуға, сондай-ақ көру кернеуін азайтуға мүмкіндік береді. .

Смартфонда үш жағындағы ультра жұқа жақтаулармен көру тәжірибеңізді жақсартатын тегіс жиекті дисплей бар. Ал қарапайым сызықтар мен контурлар ұқыпты және айқын көрініс жасайды. Экранның 91,85% құрайтын дисплей ыңғайлырақ көру тәжірибесін қамтамасыз етеді.

HUAWEI nova 10 SE телефонының Always-on-Display (AOD) мүмкіндігі Валентин күнін атап өту үшін AOD фоны ретінде сүйіктіңізбен бірге өмірдегі ең қымбат сәттердің қысқаша бейнесін жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, AOD көмегімен пайдаланушылар уақыт пен батарея деңгейі сияқты негізгі ақпаратты ыңғайлы түрде көре алады.

Әулие Валентин күні жақындап келеді, сондықтан алдағы мерекенің әдемі сәттерін есте қаларлықтай түсіруге көмектесетін қуатты және қолжетімді HUAWEI nova 10 SE смартфонымен сүйіктіңізді қуантуға болады.

Қазақстанда HUAWEI nova 10 SE смартфондарының сатылымы 2023 жылдың 10 ақпанында басталады. HUAWEI nova 10 SE сериялы смартфондарды Mechta, Sulpak, Technodom компания серіктестерінің сайтында, сондай-ақ Kaspi.kz сайтындағы Huawei ресми интернет-дүкенінде сатып алуға болады. Ұсынылған баға 159 990 теңге.

[1] Деректер Huawei зертханалық сынақтарынан алынған. Тест кезінде құрылғы экраны өшірулі күйде күту тәртібінде болды және бастапқы SuperCharge қуаты 45-80% салыстырмалы ылғалдылық кезінде 3% батарея деңгейінен қуаттау кабелі пайдаланылды. Нақты деректер өнімге, пайдалану әдеттеріне және қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін.