«Алматы — біздің ортақ үйіміз»: акциялар туралы ақпаратты 2 ГИС-тен көруге болады

Алматыда «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасуда. Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде. Сонымен қатар, «Қоқысты кофеге/тағамға айырбастаңыз», «Бояуды алыпыз және қоршауыңызды бояңыз» акциялары  туралы 2 ГИС электронды анықтама бойынша мекенжайлардың тізімін көруге болады: «Акция бойынша бояуды беру нүктелері» және «Акция бойынша қайта шикізатты тапсыру пункттері» сұрауын жазу жеткілікті.

Бұдан басқа, «Ағаш отырғызатын орын» сұранысы бойынша — ағымдағы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00 – ден 13.00-ге дейін «Алматы – бау-бақ қаласы» акциясы аясында  жасыл желектер мен алма ағаштарын жаппай отырғызу орындарын табуға болады. Қатысушыларды белсенді конкурстар, мастер-кластар күтеді. Әркім өз үлесін қосып, сүйікті қаласы үшін ағаш отырғыза алады.

«Қоқысты кофеге/тағамға айырбаста» акциясы 8 мамырға дейін жалғасады. Қатысушылар қайталама шикізатты қайта өңдеуге тапсырады және олардың орнына азық-түлікке сыйлық купондарын алады. «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды сырла» акциясы үй маңындағы аумақтың эстетикалық күтімін және жеке тұрғын үйлердің қоршауларын жақсартуға бағытталған.

Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Ол үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жауапты тұлғаларға жүгіну қажет. Лак-бояу материалын беру өтеусіз, бірақ бір қолға 2 кг-нан аспайтын көлемде  беріледі.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерге постерлерге және афишаларға арнайы QR-код арқылы кіруге болады.