Қонаевта «Алатау жастары» ұйымы құрылды

Қонаев қаласында жастардың форумы өтті. Жиын барысында облыс орталығының «Алатау жастары» ұйымы құрылды.

Қатысушылардың бірауыздан дауыс беруімен Жұмақан Дидар Айдарұлы ұйымның төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ ұйымның құрамы бекітіліп, төрағаның орынбасары сайланды. Жалпы ұйымға 11 адам мүшелік етеді.

Аталған ұйым Ардагерлер кеңесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болады. Бұдан бөлек, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, олардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастар саясатын жүргізу бағытында қызмет етпек.