Almaty Food Fest 2023 шарасына 15 мыңнан астам адам қатысты

Оңтүстік астанада халықаралық  Almaty Food Fest 2023 гастрономиялық фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар бұл іс-шара қаланың аспаздық саяхаттарға және шетелдік, әрі отандық туристерді тартуға арналған бетке ұстар оқиғасына айналатынына сенімді. Екі күнге жалғасқан фестивальге 15 мыңнан астам адам қатысты.

Гастрономиялық туризм аспаздық саяхаттардың қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі саналады. Әлемдік нарықты зерттеуші Technavio компаниясының дерегінше, аспаздық туризм нарығының (CAGR) 2022-2027 жылдар аралығындағы орташа жылдық өсімінің қарқыны 17,45% құрайды, ал көлемі 126,28 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Нарықтың өсімі бірнеше факторға байланысты, оның ішінде тамақтану мәдениетіне деген қызығушылықтың артуы, саяхаттардың аутентикалық, өзгеше түрлерін таңдаудың жиілеуі, әлеуметтік медиа мен онлайн-ресурстарда жергілікті ұлттық асхана туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі секілді факторлар бар.

Қазақстандық аспаздық туризм саласына жаһандық трендтердің ықпал етіп жатқаны сөзсіз. Әлемнің түрлі елдерінің ұлттық асханалары, қазақ халқының, ливандық, өзбек, мексикалық және өзге де халықтардың ұлттық тағамдары ұсынылатын мейрамханалардың саны артып келеді.

Қазақстандықтар да ливандықтар секілді — нағыз гурмандар. Ливан асханасы араб және Жерорта теңізі дәстүрлерінің әсерімен қалыптасқан.  Ол қазақстандықтарды да, шетелдіктерді де ерекше дәм үйлесімімен тартып, тарих пен мәдени дәстүрлерге кішігірім саяхат жасатқандай болады. Біз Almaty Food Fest 2023 фестиваліне қатысқанымызға қуаныштымыз, өйткені бұл – ливан гастрономиясының өзгешелігімен көптеген адамды таныстыру үшін керемет мүмкіндік, – дейді Зияда Абдурахманова, Harissa мейрамханасының басқарушысы.

Аспаздық туризм саяхатшыларға түрлі тағамдардың дәмін татып, жергілікті халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Jersey Island Holiday туристік блогының ақпаратына сәйкес, саяхатшылардың 95% гастрономиялық туристер қатарына жатады, саяхат жасайтындардың 80% алдымен ашық ақпарат көздерінен баратын елінің асханасын зерттеп алады, ал туристердің 70% саяхат жасайтын елді жергілікті тағамдары мен сусындарына байланысты таңдайды екен.

Қазақстанда сан түрлі ұлттық тағамдар ұсынылатыны белгілі. Мәселен, еліміздің басым бөлігінде жылқы етін асса, батыста қонақтарға балық асып береді. Өйткені еліміздің батысы Каспий теңізінің жағасында жатыр. Осы ерекшелік біздің балықтан жасалған өнімдерімізге негіз етіп алынды. Сөзсіз, бүкіл әлем сүйіп тұтынатын балықтан дайындалған  деликатестер мен крафт рулеттер жергілікті тұрғындарды да, шетелдік туристерді де  таңғалдырып жатыр. Бұл фестиваль гастрономиялық индустрияның барлық өкілдеріне өз асханасын ұсынуға керемет мүмкіндік болды, – деп атап өтті Иван Крылов, Rebiz.64.KAZAKHSTAN директоры.

Айта кетсек, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай, Австралия мен Испания аспаздық туризмнің көшбасшылары саналады. Алматы -Қазақстанда гастрономиялық туризм дамыған басты қала. Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың бірінші жартысында оңтүстік астанаға келген шетелдік туристердің ағымы 73% (261,6 мың адам) өскен, ал ішкі туризм 24,6% (710,6 мың адам) артты.

Almaty Food Fest 2023 – жыл сайын Алматыда өтетін халықаралық гастрономиялық фестиваль. Іс-шара қонақтары түрлі халықтардың ұлттық асханаларымен танысып, аспаздық шоуларды, әлемдік деңгейдегі бас аспаздардың шеберлік дәрістерін тамашалайды, сайыстарға, т.б. қатысады. Іс-шара ұйымдастырушысы – Алматы қаласының Туризм басқармасы. Биыл фестивальге 15 мыңнан астам адам қатысты.