Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының алғашқы жүк рейсін қабылдады

Flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсі Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды. Әуе кемесіне әуежайда жанармай құю қызметін «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қамтамасыз етті.

Жаңа жүк бағыты Орталық Азиядағы ең ірі әуежай – Алматыны әлемдегі жетекші авиациялық және логистикалық орталықтардың бірі Дубаймен байланыстырады. Рейстер Boeing 737 әуе кемелерімен аптасына бір рет орындалады.

Алматы халықаралық әуежайы жаңа жүк бағытының тұрақты орындалуы мен одан әрі дамуына, қажетті инфрақұрылымды, жерүсті қызмет көрсетуді және әуежай қызметтерінің үйлестірілген жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал «ҚазМұнайГаз-Аэро» әуе кемелеріне кешенді отын құю қызметтерін көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы flydubai әуе компаниясымен 2023 жылдың желтоқсанынан бері ынтымақтастық орнатып, жолаушылар рейстеріне жанармай құю қызметін көрсетіп келеді. Жүк бағытының іске қосылуына байланысты серіктестік жүк тасымалы рейстеріне қызмет көрсетумен де толықты.

Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту, авиациялық хабтарды нығайту және халықаралық көлік байланыстарын кеңейту жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың міндеттеріне сәйкес келеді.

Жаңа жүк бағыты Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жүк тасымалы үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, Алматының өңірдегі негізгі авиациялық және логистикалық орталық ретіндегі рөлін нығайтады.