Алматы қаласында жасанды интеллект бойынша білім беру марафоны өтеді

Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ең ірі технопаркі Astana Hub және Awara IT Kazakhstan халықаралық IT консалтингтік компаниясы жасанды интеллект марафонының басталғаны туралы хабарлады. Бұл шара барысында қатысушылар машиналық оқытумен, когнитивтік қызметтермен танысып, интеллектуалды шешімдерді жасау үшін жасанды интеллекті пайдалануды үйренеді. Марафон Алматы қаласында 31 шілде мен 14 тамыз аралығында өтеді.

Халықаралық сарапшылардың (International Data Corporation) бағалауы бойынша, жасанды интеллект технологияларын енгізуге жұмсалатын жаһандық шығындар (бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық қамтамасыз ету және ілеспе қызметтерге арналған шығындарды қоса алғанда) 2023 жылы 154 миллиард долларға жетеді. Осылайша, жаһандық ЖИ нарығы 2022 жылмен салыстырғанда 26,9%-ға өседі. Ал ірі аналитикалық компаниялардың орташа бағалауы бойынша, 2030 жылға қарай ЖИ қолданатын технологиялардың әлемдік нарығы 1,76 триллион долларға жетеді.

Astana Hub Корпоративтік инновациялық кеңсесінің директоры Таңат Өскембаев:

«Бұл марафон дайындық деңгейіне және тәжірибесіне қарамастан ЖИ саласындағы білімін кеңейткісі келетіндердің барлығына арналған. Microsoft Learn AI Skills Challenge — біздің бірлескен марафонымыз, яғни жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға бағытталған білім беру бастамасы. Қатысушылар жасанды интеллектің әр түрлі аспектілерімен, яғни машиналық оқытудан танымдық қызметтермен танысуға, сондай-ақ әр түрлі қолданбалар мен тапсырмаларда жасанды интеллектті қолдануды үйренуге мүмкіндік алады»

Марафон аясында ұйымдастырушылар қатысушыларға келесі тақырыптарды зерттеуді ұсынады:

  • Machine Learning: тапсырмаларды орындау (Machine Learning Challenge);
  • Когнитивтік қызметтер: қолданбалардағы жасанды интеллект (Cognitive Services Challenge);
  • Машиналық оқытудағы операциялар (MLOps Challenge);
  • Зияткерлік шешімдерді жасау үшін AI Builder қолданбасын пайдалану (AI Builder Challenge).

«Біздің мақсат – қазақстандықтардың IT және ЖИ саласындағы құзыреттілік деңгейін арттыру. Бұл әркім үшін жасанды интеллект саласында кәсіби профилін жетілдіруге және сұранысқа ие дағдыларды көрсетуге тамаша мүмкіндік. Марафон тапсырмаларын сәтті орындаған қатысушыларға Awara IT Kazakhstan және Microsoft сертификаттары беріледі», — деп атап айтты Awara IT Kazakhstan бас директоры Михаил Нам.

Марафон бағдарламасы:

29 шілде, уақыты 10:00-12:00  —  Ашық есік күні, өзіндік жұмыстың басталуы. Бұл күні қатысушылар марафон бағдарламасымен танысып, алдағы тапсырмалар мен оқу материалдары туралы ақпарат ала алады.

5 тамыз, уақыты 10:00-19:00 – Тәжірибелі IT мамандарының қолдауымен оқу тапсырмалары бойынша өзіндік жұмыс. Бұл күні қатысушылар тәжірибелі мамандардан көмек пен кеңес алу мүмкіндігіне ие бола отырып, тапсырмалары мен зертханаларымен жұмыс істейді.

14 тамыз, уақыты 14:00-18:00 — Тренинг марафонын аяқтау, нетворкинг құру, идеялармен және нәтижелермен алмасу. Қатысушылар марапаттау сәті.

Сілтеме бойынша тіркелуге болады:

https://forms.amocrm.ru/rrzmvmv