Алматы циркінде «Аквамарин» қойылымын көруге болады!

3 ақпан мен 24 наурыз аралығында Алматы циркінде әлемге әйгілі Мәскеулік «Судағы цирк» цирктік шоуының «АКВАМАРИН» атты жаңа ауқымды бағдарламасымен гастроль өтеді.

Заманауи нанотехнология, әлемдегі жалғыз трансформер арена, мың бұрқақ, цирк күмбезінен жауатын жаңбыр. Жер, су және от – үш бірдей элементті біріктірген шоу.

Мәскеу циркінің әртістері көрермендерді акробатикалық трюктарымен, түрлі-түсті әуе көріністерімен және экзотикалық жануарларды үйретумен таң қалдырады.

Балалар мен ересектердің көңіл-күйін көпшіліктің сүйіктісіне айналған, әлемге әйгілі сайқымазақ, Цветной бульварындағы Юрий Никулин атындағы Мәскеу циркінің әртісі Дмитрий Шиндров көтереді.

Балаларды да, ересектерді де шабыттандыратын, таң қалдыратын және қуантатын ең талғампаз көріністі көруге асығыңыз.