Астана университеттерінде Еуропалық кино марафоны өтеді

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі 30 қазан мен 2 қараша аралығында Астана қаласында Еуропалық Фильмдер Фестивалін ұйымдастырады!

Биылғы жылы Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі киномарафон форматын таңдап, Астанадағы ең ірі 3 университеті, атап айтқанда Назарбаев Университеті, Мақсұт Нәрікбаев университеті және Астана халықаралық университетінің студенттеріне 4 еуропалық фильмін көрсетеді.

Фестиваль аясында жеңіл, заманауи, жастардың армандарына, өзара қарым-қатынастары мен амбицияларына негізделген жақында (2021-2022)  шыққан 4 фильм таңдалды. Фильмдер беделді халықаралық кинофестивальдердің жеңімпаздары мен номинанттары, олардың көбісі бірлескен туындылар болып табылады. Әр көрсетілімге Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі мен ЕО-қа мүше мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ университет студенттері шақырылады. Көрсетілімнен кейін қатысушылар үшін фильмдерді талқылау мен ойындар ұйымдастырылады.

Фестивальдің ашылу салтанаты 30 қазан сағат 18.00-де Назарбаев Университетінде өтеді. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас мырза кинофестивальді ашып, Португалияның Қазақстандағы Елшісі Мария де Фатима Мендес ханым фестивальдің алғашқы фильмі – «MY GRANDFATHER’S DEMONS» атты фильм туралы айтып береді.

«MY GRANDFATHER’S DEMONS» — Португалия, Испания, Францияның туындысы — 2023 жылғы үздік анимациялық фильмі номинациясында Гойя сыйлығының иегері. Ашылу салтанаты аясында көрсетілетін бұл фильм: жанды емдеу, кек алу, достық, алыстағы өмір мен қала өмірі айырмашылығы сында өмірдегі маңызды мәселелер туралы ойлауды еске салады және көптеген өзекті тақырыптарды қозғайды.