Aстана жастар театры Aлматыда өнер көрсетеді

Еліміз үшін маңызды оқиғалар ортасынан табылып, үнемі өз үнін қосып келе жатқан елорданың төл перзенті – Астана қаласы «ЖАСТАР ТЕАТРЫ» ұжымы Тәуелсіз мемлекетіміздің кемелденуіне ықпал етер игі бастамалардың әр кез басы-қасынан табылып келеді. Мемлекеттік жоспарға сай талантты шығармашылық ұжым театрымыздың тағылымы мол, мазмұндық мәні бай репертуарымен өз көрерменін жан-жақты таныстыруда.

Өнер ұжымы  алматылық көрерменімен сағына қауышатындығын қуана хабарлаймыз! Алматы қаласының тұрғындары мен әсем шаһар қонақтарының назарына:

Алатау дәстүрлі өнер театрында 10 мамыр, сағат 15.00-де Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» музыкалық қойылымын (Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Нұрқанат Жақыпбай, Хормейстер – Анель Сиргебаева) және 18.30-да Н.Оразалиннің «Қылкөпір» қойылымын (Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Нұрқанат Жақыпбай),

11 мамыр, сағат 14.00 және 19.00-де Қ.Жүнісовтің «Пранк-махаббат» комедиясын (Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Даурен Серғазин),

12 мамыр, сағат 19.00-де Т.Ахметжанның «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалаттым.» мюзиклін  (Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Нұрқанат Жақыпбай)  ұсынады.

Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Шекспирмен үш күн» атты жаңа маусымдағы жарқын жобасы ұсынады.

Егер Сіз қазақтың өзгергенін қаласаңыз…санаңызға сілкініс жасап, құндылықтар бағасын басқаша бағамдағыңыз келсе… адамдық қасиеттерді өзгеше биіктік бедерінде пайымдап, ең бастысы түпсіз терең ой шыңырауында Шекспир жаққан мәңгілік сәуленің жарығымен жылынуға асықсаңыз… – онда режиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың ұлттық рухта үн қатқан «Шекспирмен үш күн» триптихын тамашалауға асығыңыз!

13 мамыр, сағат 19.00-де  «Ханзада» («Hamlet») трагедиясы,

14 мамыр, сағат 19.00-де  «Ромео — Жульетта» қасіретті махаббат хикаясы және

15 мамыр,  сағат 19.00-де «Асауға тұсау» комедиясын тамашалауға шақырамыз!

Шекспир ойлантады! Шекспир жылатады! Шекспир күлдіреді! Ал Жастар театры ұжымы сіздерді асыға күтеді!

Ұлы өнердің ұлағатты жәрмеңкесінде жүздесейік, мәртебелі көрермен!