Атырауда сүт безі және басқа да қатерлі ісікті емдеу бойынша тегін кеңес берілді

Атырауда сүт безі және басқа да қатерлі ісіктердің алдын алу бойынша кеңестер, сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандырудың дүниежүзілік айлығына арналған Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының халықаралық акциясы аясында Атырау қаласының тұрғындары мен қала тұрғындарына

«Денсаулығыңызды қалай сақтау және қатерлі ісіктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.

50-ден астам атыраулық Түркиядан келген медицина профессорлары, маммолог және онколог мамандарынан екінші пікір алды. Атырауға қазақстандық «Ловец Врачей» компаниясының шақыруымен онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы көрнекті дәрігерлер келді.

Наталья Пан, «Ловец Врачей» компаниясының негізін қалаушы, шетелдік емдеу бойынша сарапшы және Оңтүстік Корея университеттік ауруханасы SCH’ның ТМД-дағы бірінші елшісі былай деді: «Біз Қазақстандағы онкологиялық аурулардың жағдайын зерттеп, Атырау облысында оның қарқынды өсіп жатқанын түсіндік. Өкінішке орай, ауру асқынып, емделуге уақыт болмаған кезде адамдар дәрігерлерге жиі жүгінеді. Мен өзім жалпы бес операция жасаттым, оның үшеуі онкология бойынша, сондықтан уақыттың қадірін, қажетті ақпараттың бағасын білемін. Сондықтан біз Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген

отандастарымызға уақыт пен қашықтықты қысқартуға көмектесеміз, білікті кеңестер береміз және шетелдегі көрнекті дәрігерлердің көмегін алуға мүмкіндік береміз»

Күні кеше Атырауда ашылған компанияның жаңа филиалында Түркиядан келген танымал профессорлар да филиал қызметкерлеріне денсаулықты сақтау бойынша сабақтар мен кеңестер өткізді. Қазіргі таңда кабинетте жоғары медициналық білімі бар үш атыраулық консультант- дәрігер науқастарға аурудың әртүрлі бағыттары бойынша кеңес беруде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша (2018 ж.), Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктің 37 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады; 205 мыңнан астам науқас бақылауда.

Онкологиялық аурулардың ішінде бірінші орында сүт безі обыры (13,2%), екінші орында өкпе обыры (10%), үшінші орында тоқ ішек обыры (9,3%). Әйелдер арасында ауру ерлерге қарағанда біршама жоғары (тиісінше 57% және 43%).

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) қазан айын сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу айын 25 жыл бұрын, 1993 жылы жариялады. Бұл әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі және әйелдердегі қатерлі ісік құрылымында бірінші орында.