ERG апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккен шахтерлердің отбасына қаржылай көмектеседі

Eurasian Resources Group (ERG) Қарағандыда И.А. Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына 400 млн теңге бағыттайды. Компания басшылары мен ұжымы қаралы отбасыларға қайғыра көңіл айтады.

И.А. Костенко атындағы шахтада болған жарылыс – Eurasian Resources Group-тің барлық кәсіпорындарындағы ұжымың қабырғасын қайыстырды. Әлеуметтік жауапты компания ретінде әрі осы сын сағатта қарағандылық шахтерлерді қолдау үшін ERG жарылыстан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына жалпы сомасы 400 млн теңге көлемінде көмек көрсетуді ұйғарды. Қаражат қайғылы оқиғадан зардап шеккендерді қолдау үшін құзырлы органдар белгілеп берген қорға аударылады.

– Ондаған адамның өмірін қиған шахтадағы жарылыс – әрқайсымыз, барша қазақстандықтар үшін орны толмас қаза, — деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Біз, еуразиялықтар қаза тапқан шахтерлердің отбасылары мен ұжымның қайғысына ортақпыз. Бұл қиын сәтте сіздерге қажетінше көмек беріп, қандай да қолдау көрсетуге әзірміз. Марқұмдардың жарқын бейнесі мәңгілік жадымызда. Алапат апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспіз.