Ауыл оқушылары арасында Көшбасшылық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Beginit by inDrive тегін көшбасшылық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл бағдарламаға ауыл мектептерінің 10-сынып оқушылары қатыса алады. Бұл бағдарлама Қазақстан аймақтарындағы болашақ әлеуметтік көшбасшыларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Тегін білім беру аясында студенттер көшбасшылық және жоба жүргузу бойынша курстарды оқып, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларды жасауды үйренеді. Сонымен қатар, таңдалған оқушылар Қазақстаннның әр түкпірінен жиналған құрдастарымен танысып, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және шығармашылық индустриядан жиналған көптеген көшбасшылардан құнды кеңестер ала алады. Бағдарлама Алматының тау етегінде орналасқан оқу лагерінде өтеді. Тренингтен кейін қатысушылар өз аймақтарындағы әлеуметтік мәселелер бойынша шешімдерін ұсына алады.

«Әлеуметтік көшбасшылық демекші, біз тек қарым-қатынас дағдыларын, топтық жұмысты және әлеуметтік желіні дамытуды ғана емес, сонымен қатар адамның әлеуметтік қатынастарды дамытуға және планеталық мәселелерді шешуге қосқан үлесін, тіпті 16 жасында да түсінеміз. Әлемдегі ең жақсы университеттер балаларды басқа нәрселермен қатар олардың сабақтан тыс іс-шаралары мен волонтерлік тәжірибесіне қарай таңдайды», – деп түйіндейді Елена Тропинова, Beginit by InDrive жобасының жетекшісі.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар бірқатар әлеуметтік жобаларды жасайды, ал ішінен таңдалған үздіктері идеяларын жүзеге асыру үшін қаражат алады. Бағдарламаның финалистері inDrive бас директоры Арсен Томский Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жариялаған жаңадан құрылған inVision U университетінің білім гранттары мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Іріктеу кезеңдері 2023 жылдың қараша айында Қазақстанның 6 облысында: Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өтеді. Қатысу және өтінім беру үшін студенттер жобаның веб-сайтында өтінім беруі керек.