Азия чемпионатының алғашқы күнінде су спортынан 11 жүлде бұйырды

Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласында XI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).

Бүгін бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды

Отандық спортшылардың нәтижелері:

Жүзу, А тобы:

Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу — алтын
Ксения Игнатова, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын
Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс, 800 метрге еркін жүзу — қола
Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Жүзу, В тобы:

Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын
Арсен Қожахметов, 100 м брасс — күміс
София Абубакирова, 200 м кешенді жүзу — күміс, 50 м шалқалай жүзу — қола
Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс

Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.