Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы Азия кубогінің іріктеу кезеңінде Катар құрамасын жеңді

Қазақстан ұлттық баскетбол құрамасы Азия кубогінің іріктеу кезеңінің екінші ойынында сырт алаңда Катар құрамасына қарсы өткізіп 68-73 (12-19, 25-14, 13-15, 18-25) есебімен  басым түсті.

Қазақстан сапында Вадим Щербак 18 ұпай жинап үздік атанса, қарсылас құрамада Абдулрахман Мохамед Саад 20 ұпай жинап үздік атанды.

Қазақстан құрамасының Азия кубогі іріктеу кезеңіндегі келесі ойыны 22 қараша күні сырт алаңда Иран құрамасымен өтпек.