Битрикс24 Қазақстан: Аймақтың IT ландшафтын өзгертетін cеріктестік бағдарламасы

Битрикс24 Қазақстан IT-мамандарға, веб-студияларға, жүйелік интеграторларға және бизнес-консультанттарға жаңа мүмкіндіктер ашатын серіктестік бағдарламасын таныстырды. Бұл бастама Орталық Азиядағы кәсіби IT-нарықты дамытуға және бизнестің цифрлық трансформациясына серпін беруге бағытталған.
Бүгінде бизнес үшін процестерді автоматтандыру, тиімділікті арттыру және сатуды өсіру – негізгі қажеттілікке айналды. 2025 жылы Қазақстанда IT-қызметтер нарығының көлемі 4 трлн теңгеге жетсе, 2030 жылға дейін өңірде жалпы құны 3,6 трлн теңгеден асатын цифрлық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Осы тұста Битрикс24 Қазақстан әрбір бизнеске, ауқымына қарамастан, цифрландыруды қолжетімді ететін серіктестік бағдарламасын дамытуда. Бұл бағдарлама серіктестерге жүйені енгізуден ақша табуға мүмкіндік беріп, аймақтың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосады.
Битрикс24 Орталық Азиядағы интеграторлар желісін қалай дамытады
Битрикс24 – компанияның жұмысын ұйымдастыруға арналған мультикеңістік. Сервиске онлайн-кеңсе, әртүрлі міндеттерге арналған ЖИ-агенттер, таск-трекер, аналитика, CRM (Қазақстандағы№1) және тағы басқалар кіреді. Платформаны клиент пен компанияларға орнату, бейімдеу және техникалық қолдау көрсетумен серіктестердің экожүйесі арқылы интеграторлар айналысады. Олар сонымен қатар платформаны орнатуды және қолдауды жүзеге асырады.
Бұл әдейілеп таңдалған модель: осылайша компания технологияны әзірлеп ұсынады, ал сертификатталған мамандар оны бизнестің қажеттіліктеріне бейімдейді. Бұл өнімнің әмбебаптығын сақтай отырып, әр компанияның жеке міндеттеріне сай икемдеуге мүмкіндік береді.
Бүгінде серіктестік бағдарламаға Орталық Азия елдерінен 1000-нан астам тәжірибелі интегратор қатысып отыр. Олар Битрикс24-пен бірге өсіп, кәсіби тұрғыда дамып келе жатқан біртұтас экожүйені құрайды.
Сонымен бірег Битрикс24 серіктестік желісінде деңгейлік жүйе бар: бизнес-серіктестен бастап платиналық серіктеске дейін. Әр деңгей интегратордың кәсібилігін көрсетеді – іске асырылған жобалар саны, сертификатталған мамандар және белсенді клиенттер ескеріледі. Деңгей жоғарылаған сайын команданың тәжірибесі мен мүмкіндіктері де арта түседі.
«1С-Битрикс24 Қазақстан» директоры Сармантай Қасенов серіктестік бағдарламаның маңызын былай деп атап өтті:
«Битрикс24 серіктестік бағдарламасы – IT саласындағы кәсіби нарықты дамытуға қосылған нақты үлес. Сонымен қатар, бұл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы бизнесті қолдауға бағытталған бастама. Біз әр серіктес тек қаржылай пайда ғана емес, бізбен бірге өсу мүмкіндігін алатын экожүйе құрып жатырмыз. Тұрақты серіктестік конференциялар мен іс-шаралар тәжірибе алмасуға, оқуға және жаңа даму жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Біз Битрикс24 сияқты кешенді өнімді енгізе алатын мықты IT саласынан хабары бар интеграторларды іздейміз. IT-нарықты бірге өзгертуге дайын жандарды серіктестік бағдарламамызға қосылуға шақырамыз».
Битрикс24 серіктестік бағдарламасының артықшылықтары
Битрикс24 Қазақстан серіктес интеграторларға не ұсынады?
- Оқыту және сертификаттау.
Сату, маркетинг және өнім бойынша тегін курстар, дайын скрипттер, нұсқаулықтар, чек-парақтары және презентациялар. Бұл серіктестерге Битрикс24-ті тез меңгеріп, клиенттермен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Өтінімдер.
Серіктестер күн сайын CRM арқылы клиенттерден өтінімдер алып отырады, бұл енгізу мен сатуға назар аударуға мүмкіндік береді.
- Битрикс24 жаһандық компаниясын қолдау.
Серіктестер маркетингтік материалдарға – баннерлерге, жарнамаларға, парақшаларға және презентацияларға қол жеткізеді. Компания іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесіп, шығындардың бір бөлігін өтейді. Серіктестер үшін жылына әр түрлі іс-шара өткізіледі – вебинарлар, митаптар, мотивациялық кездесулер, үздіктерді марапаттау және тағы басқалар. Әрбір жаңа серіктес бизнесті дамытуға грант алады.
Серіктестер қалай табыс табады?
Серіктестік бағдарламасының қатысушылары платформаны енгізу және орнату арқылы табыс табады. Сондай-ақ лицензияларды сатқанда әр сатылымнан 50%-ға дейін комиссия алады.



