Еліміздің ертеңі – өз қолымызда!

Бүгін – Қазақстанның заманауи тарихындағы айрықша күн. Еліміздің түкпір-түкпірінде Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл жай ғана саяси оқиға емес, бұл – әрбір азаматтың мемлекет тағдырына тікелей әсер ете алатын тарихи мүмкіндігі.

Референдум – демократияның ең биік шыңы. Бүгін біз тек заң мәтіні үшін емес, әділеттілік пен дамудың жаңа кезеңі үшін дауыс береміз.

#Референдум2026 #Қазақстан #АтаЗаң #ДауысБер #Арасан #Жетісу