ERG EVelution Energy компаниясы мен АҚШ-та жоспарланған компанияның өңдеу зауыты өзара келісімге қол қойды

Eurasian Resources Group (ERG) жетекші әртараптандырылған табиғи ресурстар тобы АҚШ-та орналасқан электр көліктерінің аккумулятор материалдарын өңдеуші EVelution Energy (EVelution) компаниясына кобальт жеткізу туралы алдын ала бес жылдық келісімге отырды. Келісім ERG өндіретін кобальт гидроксидін EVelution компаниясының АҚШ-тағы кобальт өңдеу зауытына жеткізуді қарастырады, компания зауыт құрылысын 2024 жылы бастауды жоспарлап отыр. ERG кобальт кәсіпорынның шикізатқа деген жылдық сұранысының жартысына жуығын қамтамасыз ететін болады.

Келісім жаһандық металлургия өнеркәсібі өкілдері қатысатын жыл сайынғы Лондондағы металдар апталығында жарияланды. ERG мен EVelution арасындағы ынтымақтастық АҚШ-тың минералдар өнеркәсібінің дамуына серпін береді, сонымен бірге елдің өңдеуші салаларында жаңа жұмыс орындарын құру және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосу арқылы орнықтылық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, екі компанияның ынтымақтастығы АҚШ-та кобальтты өңдеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Қазіргі уақытта елде кобальтты өнеркәсіптік ауқымда өңдейтін кәсіпорын жоқ, ал дүние жүзіндегі кобальт сульфаты өндірісінің 70%-дан астамы Қытайда шоғырланған.

Бенедикт Соботка, ERG бас атқарушы директоры былай деді: «Біз EVelution Energy компаниясымен кобальт гидроксиді жеткізу туралы келісімге отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл ынтымақтастық таза энергияға көшуді қолдайды және сонымен бірге америка нарығының кобальтты өңдеу қуатын дамытудағы шұғыл қажеттіліктерін шешуге көмектеседі».

«Біз ERG-мен жеткізу бойынша ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз», — деді Наваид Алам, Evelution Energy компаниясының Президенті және Бас директоры. «Бұл келісім, сондай-ақ, біздің басқа жеткізушілермен бірге зерттеп жатқан серіктестік мүмкіндіктері, бізді кобальт гидроксидімен қамтамасыз ететін болады. Бұл бізге Солтүстік Америка тұтынушыларының АҚШ-та өндірілген көміртегі-бейтарап кобальт сульфатына өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін қажет. Сонымен қатар бұл Инфляцияны төмендету туралы заңның (IRA) талаптарына сәйкес келеді. Кобальт сульфаты – электрлі көліктерге арналған аккумуляторларды өндіруге қажетті материал».

Кобальт гидроксиді әлемдегі жетекші кобальт өндірушілердің бірі болып табылатын Конго Демократиялық Республикасындағы ERG флагманы Metalkol кәсіпорнынан жеткізілетін болады.

EVelution зауыты 2026 жылға дейін іске қосылады деп жоспарланған. Кәсіпорын күн батареялары негізіндегі жеке электр қуатын орнататынын, экологиялық таза электр энергиясының артық көлемі жергілікті шаруаларға жеткізілетінін айтты. Сонымен қатар, кәсіпорын тұтынылатын судың 70%-ға жуығын қайта пайдаланатын болады.