HONOR Қытайда HONOR V Purse сатылымдары басталды

Әлемдегі ең жұқа жиналмалы смартфон және модадағы технологиялардың жаңа стандарты

HONOR ғаламдық технологиялық бренді сандық технологиялар мен моданың түйіскен жерінде клатч форматындағы смартфон – HONOR V Purse-тың  сатыла бастағанын хабарлады. HONOR компаниясы алғаш рет концептті коммерциялық өнімге айналдырып, сатылымдарды іске қосқандағы бірінші өнім болды.

HONOR V Purse Берлинде өткен IFA 2023 халықаралық технологиялық көрмесінде таныстырылып, брендтің мобильді құрылғылардың болашағына және модадағы тауарларды жауапкершілікпен тұтынуға деген көзқарасын көрсетті. HONOR V Purse сатылымының басталуы бірден екі маңызды жетістікті: әлемдегі ең жеңіл және ең жұқа жиналмалы смартфонның шығарылуын, сондай-ақ технологиялық өнімді мода индустриясының өнімдерімен біріктірудің жап-жаңа тұжырымдамасының жүзеге асырылғанын білдіреді.

«Бүгінгі тұтынушылар инновацияның модадан қалмауын қалайды», — дейді CEO HONOR Джордж Чжао. «Осы тілегін орындау үшін HONOR компаниясы басқа өнімдерден ерекшеленетін батыл және ерекше пішін факторларын үнемі іздейді. Осылайша біз жиналмалы смартфондардың жап-жаңа буыны – HONOR V Purse-ті жасадық, ол болашақ дизайнға деген көзқарасымызды және гаджеттер мен моданың симбиозы қандай болуы керектігін көрсетеді»

Әлемдегі ең жұқа жиналмалы смартфон

HONOR компаниясы жиналмалы смартфондар арасында жаңа рекорд орнатты: HONOR V Purse-тің қалыңдығы жабылған кезінде 8,6 мм, ал ашылған кезінде 4,3 мм. Оның салмағы небәрі 214 г және қолыңызда кәдімгі смартфон сияқты сезіледі. Бұл пайдаланушыларға эргономика мен күнделікті ыңғайлы пайдалану жағынан үлкен экранның барлық артықшылықтарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Топсасының жаңа құрастырымы мен материалдары жиналмалы смартфондардың габариттерінде серпіліс берді. Қалыңдығы 1,2 мм серіппелер, диаметрі небәрі 1,73 мм болатын миниатюралық тегершіктер, жақсартылған жиналу механизмі және HONOR-дың фирмалық болаты салмақ қоспай, керемет беріктік береді.

HONOR V Purse-пен смартфон сәнді көріністі толықтыратын тамаша аксессуарға айналады. Әрқашан қосулы тұратын экранның ең жаңа интербелсенді қойылғылары сөмкелер мен клатчтардың сыртқы түріне ұқсайды немесе абстрактылы имидждік акцент ретінде қызмет етеді, ал HONOR V Purse-тің топсасына бекітілетін ауыстырылатын белдікшелер мен шынжыр баулар смартфонды иығыңызға салып немесе кәдімгі клатч сияқты қолыңызда ұстап жүруге мүмкіндік береді.

Персоналды фотостудия

Ажыратымдылығы 50 Мп IMX800 сенсоры HONOR V Purse-тің негізгі камерасына жоғары сапалы түсірілімдерді қамтамасыз етеді. Үлкен экран кез келген жарықтандыруда портреттік түсірілімдер үшін толтырушы жарық көзі бола алады немесе екі негізгі камераның біреуіне селфиге арналған бейне іздеуші ретінде қызмет ете алады. Қосымша шығармашылық мүмкіндіктерді автофокусы және макротүсірілім функциясы бар 12 Мп ультра кең бұрышты камера қамтамасыз етеді.

Жетілдірілген HONOR Image Engine есептеуіш фотосурет технологияларының арқасында HONOR V Purse камерасы портреттік түсірілімнің әртүрлі стильдеріне арналған зумы 0,6x, 0,8x, 1x және 1,3x болатын төрт фокустық қашықтықты пайдалануға мүмкіндік береді. Смартфон 1x және 2x зумдары арасында ауысатын арнайы «Портрет» режимін, сондай-ақ тері текстурасын зияткерлік жақсартуға және фонды күрт бұлыңғырлауға арналған жаңа AI Skin Color алгоритмін де қолдайды.

 

7,71 дюймдік мінсіз кескін

HONOR V Purse ажыратымдылығы 2K және ең жоғары ашықтығы 1600 нитке дейінгі икемді OLED экранымен ерекшеленеді. Жарық өткізгіштігі жақсартылған шағылысқа қарсы жаңа жабыны күн жарығында жоғары ашықтық пен ақпараттың оқылуын қамтамасыз етіп, шағылысуларды азайтады. Кешке және түнде көмескі жарықты басқарудың жаңа алгоритмдері контентпен ыңғайлы әрекеттесу үшін ашықтықты екі нитке дейін азайтуға мүмкіндік береді. HONOR V Purse экраны пайдаланушыларға ұнайтын HONOR-дың көзді қорғауға арналған фирмалық функциялары мен технологияларын: 2160 Гц КИМ жиілігін, «Динамикалық ашықтық» пен «Циркадты түнгі экран» режимдерін қолдайды.

HONOR V Purse-те экранда көрсетілетін нысандардың ашықтығын оңтайландыратын Super Dynamic Vivid Display технологиясы да жүзеге асырылған. Кескінді өңдеудің арнайы алгоритмдері оңтайлы ашықтық параметрлерін фотосуреттер немесе бейнелер үшін бөлек және интерфейс элементтері үшін бөлек таңдауға мүмкіндік береді. Super Dynamic Vivid контенттің жеке қолданбаларда да, жалпы операциялық жүйеде де ең жақсы динамикалық контрастпен және жоғары жарықтықпен көрсетілуін қамтамасыз етеді.

HONOR компаниясы HONOR V Purse экранының көпдеңгейлі қорғанысын әзірледі: дисплейі мен ілмегі 200 000-ға дейінгі ашылуға және ағытылуға төтеп бере алады, сондай-ақ соққыға және тозуға төзімді. HONOR V Purse сынау, тексеру және сертификаттау бойынша әлемдегі жетекші компания SGS-тен тұтас құрылғының түсуге төзімділігі үшін 5 жұлдыз және экранының соққыға төзімділігі үшін 5 жұлдыз сертификатын алған сыртқы экраны бар бірінші жиналмалы смартфон болды.

Кремний-көміртекті марафон

HONOR V Purse ықшамды корпусында көбірек қуат мөлшерін сақтау үшін тығыздығы жоғарылатылған кремний-көміртекті аккумуляторлардың соңғы технологияларын пайдалануды кеңейтеді. HONOR компаниясы төмен кернеуде жұмыс істеудің озық технологиясын және батарея қуатсыздануының 360%-ға тиімдірек алгоритмін әзірледі.

Банк картасынан сәл қалың HONOR V Purse-тегі екі кремний-көміртекті аккумуляторының жалпы сыйымдылығы 4500 мАч, ұзақ жұмыс уақытын қайта қуаттандырусыз қамтамасыз етеді: ашылған экраннан стримингтік сервистерден 8,7 сағатқа дейін үздіксіз бейнежазбалар көру, 10,6 сағатқа дейін оқу немесе 16 сағатқа дейін музыка тыңдау сағаттары.

MagicOS 7.2-мен жекеге және жұмысқа қатыстыны бөлу

Android 13 негізіндегі MagicOS 7.2 операциялық жүйесінің жаңа нұсқасында күнделікті пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға арналған көптеген зияткерлік функциялар жүзеге асырылған: әрқашан қосулы тұратын экранның толығымен жаңартылған интербелсенді қойылғылары, ассистенттің зияткерлік ұсыныстары, жаңартылған HONOR Жазбалар қолданбасы, MagicRing функциясы бар құрылғылар арасындағы жақсартылған экожүйелік өзара әрекеттесу, пайдаланушы деректерінің жоғары қауіпсіздігі және т.б.

HONOR V Purse үшін жеке және жұмыс кеңістіктерін ыңғайлы және қауіпсіз бөлуге арналған жаңа Parallel Space функциясы да қолжетімді. Смартфонның жиналмалы форматы кеңістіктерді бір-бірлеп іске қосып қана қоймай, оларды үлкен экранда бір уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.

Түстер, қолжетімділік және бағалар

HONOR V Purse – жап-жаңа пішін факторындағы әлемдегі ең жұқа және ең жеңіл жиналмалы смартфон. HONOR инновациялары жоғары кескін сапасын, ұзақ автономды жұмысты, әсерлі түсіру мүмкіндіктерін және жиналмалы экран форматын ескере отырып, оңтайлы пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз етеді. Қытайда HONOR V Purse-тің алтын, көк және қара түстеріне алдын ала тапсырыс беруге болады. 2023 жылдың 19 қыркүйегінен бастап бағасы 16+256 ГБ конфигурациясы үшін 5 999 юань және 16 + 512 ГБ нұсқасы үшін 6 599 юань тұрады.