inDrive өзінің алғашқы хакатонын өткізеді. Жүлде қоры €16000 құрайды

inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы жыл сайынғы inCode 2023 халықаралық хакатонын іске қосуда. Хакатонның мақсаты – көлік саласын неғұрлым қауіпсіз және инклюзивті етудің инновациялық тәсілдерін анықтау. Жүлде қоры 16 мың еуроны құрайды және inDrive платформасын пайдалану тәжірибесін жақсарту бойынша ең тиімді идеяларды ұсынған қатысушыларға беріледі.

inDrive талантты әзірлеушілерді хакатонға қатысуға шақырады, әр команда құрамында 1-6 қатысушыдан болуы тиіс. inDrive сарапшылары ұсынылған барлық идеяларды, олардың салаға оң әсер ету қабілетін, кодтың сапасын, UX/UI дизайнының қолайлылығын және жобалардың өткізімділігін бағалайды.

InСode хакатоны аясында қатысушылар үш санатқа бөлінген маңызды мәселелерді шешу мақсатында жұмыс істейтін болады:

  • Қауіпсіздікті арттыру: жүргізушілерге де, жолаушыларға да жайлы болу үшін сапарларды барлығына бірдей қалай қауіпсіз етуге болады;
  • Қолжетімділікті жақсарту: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жолаушылар тасымалын қалай қолжетімді етуге болады, өйткені ыңғайлы көлік нұсқаларының жиі болмауы көптеген адамдарға қоғам өміріне толық қатысуға кедергі келтіреді;
  • Асқақ армандау: қазір қалалық және қалааралық сапарлар, сондай-ақ тауарларды жеткізу салаларында қандай аспектілер немесе функциялар жетіспейді және технологиялардың көмегімен осы қызметтердің сапасын қалай жақсартуға болады.

Хакатон екі кезеңде өтеді:

  • Бірінші кезең (2023 жылғы 20 сәуірден 4 маусымға дейін): қатысушылар өз идеялары мен жалпы тұжырымдамаларын PowerPoint/Keynote презентациясы форматында ұсынады;
  • Екінші кезең (2023 жылғы 19 маусымнан 9 шілдеге дейін): қатысушылар өз әзірлемелерін ұсынады және үш санаттың әрқайсысындағы ең үздік жобалар сәйкесінше 750 еуро, 1500 еуро және 3000 еуро мөлшерінде қаржылай сыйлықтарға ие болады.

«Тасымалдау қызметтеріне тапсырыс беру платформалары бағдарламалық жасақтама әзірлеушілердің жаһандық өнімдерді, сенімді алгоритмдерді және ыңғайлы интерфейстерді ойлап табу, жобалау және жасау қабілеті сияқты шығармашылық және техникалық тәжірибесіне қарыздар. inCode – бұл сапарларды қауіпсіз және ыңғайлы ету үшін өз уақыты мен талантын жұмсайтын технологиялық новаторларға  inDrive-тың өзінің мойындауы мен құрметін көрсету тәсілі. Біз inDrive командасы алғашқы хакатонда қандай идеялар өмірге келетінін көруге асықпыз, өйткені алдағы уақытта бұл хакатонды жыл сайынғы негізді өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді inDrive технологиялар және даму жөніндегі аға вице-президенті Александр Лобашев.

inCode бүкіл әлемнің түпкір түпкірінде тұратын 7,6 миллион әзірлеушісі бар үлкен қоғамдастық болып табылатын саладағы жетекші платформа HackerEarth негізінде өтеді. Қазірдің өзінде 500-ден астам компания өздерінің онлайн-хакатондарын HackerEarth-пен серіктестікте өткізген.

Осы кеңістікті қадағалаңыз және inDrive хакатонына қатысыңыз!

Толығырақ ақпаратты келесі сілтеме бойынша сайттан табуға болады: https://www.hackerearth.com/challenges/hackathon/incode-2023-challenging-injustice/