Мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары Алматыда бас қосады

Мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары Almaty Arena мұз айдында бас қосады. Атақты спорт жаттықтырушысы Этери Тутберидзенің «Мұздағы чемпиондар» шоуы алғашқы рет Алматыда қойылады.

Дәстүр бойынша көктемнің мерекесі Team Tutberidze шоуынан және оның көрнекті спортшыларымен атап өтіледі.

Айдында өнер көрсететін әрқайсысы заманауи мәнерлеп сырғанауда өзіндік ізін қалдыра білді. Әйгілі спортшылардың ерекше құрамы, танымал бағдарламалары мен көптеген тосынсыйлары тіпті ең талғампаз көрерменді де бейжай қалдырмайды және қонақтарға ұмытылмас эмоциялар сыйлайтыны сөзсіз.

1 мамырда Almaty Arena-да ең танымал Ресей және әлем мәнерлеп сырғанаушыларының дәстүрлі «Мұздағы чемпиондар» шоуы өтеді. Жыл сайын оқушыларының үздік жетістіктері мен ұмытылмас жеңістерін көрсететін Team Tutberidze командасы атынан жаттықтырушылар Этери Тутберидзе, Сергей Дудаков және Даниил Глейхенгауз ең мықты спортшыларды бір алаңға топтастырып, үздік бағдарламаларын ұсынады. Мәнерлеп сырғанау жұлдыздары көрермендерге спорт, сұлулық кешін және ұмытылмас әсер сыйлайды. Шоу қонақтарын ең нышанды жарыс қойылымдары мен ерекше көрнекі көрсетілімдер күтеді. Ең күрделі элементтер мен есте қаларлық бейнелер, күш пен сымбаттың, жылдамдық пен әсемдіктің үйлесімі бұл спорт түрінің бұрыннан келе жатқан жанкүйерлерін ғана емес, енді ғана бет бұрып жүргендерді де баурап алады.

Әлемдік спорт тарихына өз есімдерін енгізген мәнерлеп сырғанаушылардың – 2018 және 2022 жылдардағы екі Олимпиада жеңімпаздарының бірегей құрамын көру мүмкіндігі сирек. 2023 жылдың ең жарқын мәдени-спорттық іс-шараларының бірі екені сөзсіз. Team Tutberidze жаттықтырушылары «Мұздағы чемпиондар» шоуына арнайы қоятын спортшылардың жаңа көрнекі көрсетілімдерін қойылады.

Шоуға қатысушылар: команданың барлық спортшылары, оның ішінде:

∗ Алина Загитова – Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, Гран-При финалының жеңімпазы, Ресей чемпионы;

∗ Анна Щербакова – Олимпиада чемпионы, Еуропа чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Ресейдің үш дүркін чемпионы, Гран-При финалының күміс жүлдегері;

∗ Камила Валиева – командадағы Олимпиада чемпионы, Еуропа чемпионы, юниорлар арасындағы әлем чемпионы, Ресей чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері;

∗ Евгения Медведева – 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (жеке сырғанау және командалық жарыстар), екі дүркін әлем чемпионы (2016, 2017), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2019), екі дүркін Еуропа чемпионы (2016, 2017), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2018), Гран-при финалдарының екі дүркін жеңімпазы (2015, 2016), командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017), қатарынан екі маусымда (2015-2016 маусым; 2016-2017 маусым) ересектер деңгейіндегі барлық негізгі стартты жеңіп алған тарихтағы жалғыз мәнерлеп сырғанаушы;

* Элизабет Тұрсынбаева – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері, II қысқы жасөспірімдердің Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері;

∗ Софья Акатьева – Ресей чемпионы, Ресей біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы және юниорлар арасындағы Ресей біріншілігінің күміс жүлдегері;

∗ Аделия Петросян – юниорлар арасындағы Ресей біріншілігінің күміс жүлдегері, гран-при юниорлар сериясының екі медалінің иегері және шақырылған мәнерлеп сырғанаушылар – Ресей құрамасының көшбасшылары.

Билеттерді topbilet.kz сайтынан сатып алуға болады.