Қазақстан мен Үндістан MICE туризмі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Air Astana әуе компаниясымен бірлесіп, Үндістанның жетекші MICE-компанияларының сегіз өкілі үшін Астана мен Бурабай ұлттық саябағына ақпараттық тур ұйымдастырды.

Үндістан Қазақстанның басым шетелдік нарықтарының бірі және шетелдік туристер саны бойынша үшінші орында тұр. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Едіге Дүйсенұлының айтуынша, Үндістаннан келетін туристер ағыны тұрақты түрде өсіп келеді: 2023 жылы Қазақстанға 54 мың үндістандық азамат келсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш екі еседен астам өсіп, 126 мыңға жетті. Ал 2025 жылы елге 131 мың турист келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары.

21 шілдеде өткен ақпараттық тур аясында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Astana Tourism компаниясы Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды. Үндістандық серіктестерге Астананың халықаралық іскерлік іс-шараларды өткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ Бурабайдың туристік әлеуеті таныстырылды.

Үндістандық компаниялардың өкілдері Астананы MICE бағыты ретінде, ал Бурабайды ұжымдық демалыс үшін бірегей табиғи бағыт ретінде белсенді түрде ілгерілетуге дайын екендіктерін атап өтті. Астананың заманауи қалалық инфрақұрылымы мен Бурабайдың табиғи туристік әлеуетінің үйлесімі қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Бұл өз кезегінде осы бағытты Үндістанның іскерлік туризм нарығында бәсекеге қабілетті етеді.