ҚазҰУ – сапалы білім берудің көшбасшысы

Қазіргі жаһандану дәуірінде білім – қоғамның басты қозғаушы күші. Еліміздің болашағы жарқын болуы сапалы білімге байланысты екені сөзсіз. Технология дамып, жаңа кәсіптер пайда болып жатқан заманда, білім жүйесінің уақыт талабына сай болуы елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторға айналды.Сапалы білім тек жеке адамның кәсіби және рухани дамуына ықпал етпейді, ол бүкіл қоғамның өркендеуіне негіз болады. Тек сауатты ғана емес, сыни ойлай алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, шешім қабылдай алатын тұлғаларды тәрбиелеу – білім жүйесінің басты мақсаты. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі –«сапалы  білім».

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық  кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы сапалы білім беруде аянбай жұмыс жасауда.Кафедра оқытушылары жаңа технологиялар арқылы оқыту білім сапасын арттырып, білім алушылардың қызығушылығын оятады.Қазақстанда сапалы білім берудің флагманы саналатын жоғары оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Университеттің басты мақсаты – заманауи білім беру арқылы болашақ мамандарды халықаралық деңгейде даярлау. ҚазҰУ-дың білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері:

1. Сапалы оқытушылар құрамы. Университетте академиктер, ғылым докторлары мен халықаралық дәрежедегі профессорлар дәріс береді.

2. Инновациялық орталықтар. ҚазҰУ-да заманауи зертханалар, технопарктер, ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Бұл студенттерге тек теориялық білім алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

3. Халықаралық байланыс. Университет әлемнің көптеген беделді жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып, студенттерге шетелде білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндігін береді.

4. Университеттің экологиялық таза кампусы студенттерге жайлы әрі шабыттандыратын орта ұсынады.

5. Кәсіби бағдар беру. ҚазҰУ түлектері елдің экономикасы мен түрлі салаларында жетекші орындарды иеленіп, өз кәсібилігімен танымал.

Сапалы білім – қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты жоғары оқу орындары болашақ мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. ҚазҰУ түлектері еліміздің дамуына үлес қосып, халықаралық аренада елдің атын шығаруда. Сондықтан білімге инвестиция салу – жарқын болашаққа апарар ең сенімді жол.

 Е. БАЗАРТАЕВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық

 кафедрасының оқытушысы