Lufthansa 2026/2027 жылғы қысқы кесте кезеңінде Қазақстан бағыттары бойынша рейстерді уақытша тоқтатады

2026 жыл ішінде Lufthansa әуе компаниясы жаңа, заманауи және жоғары технологиялық әуе кемелеріне ие болып, өз флотын жаңартуда. Жаңа ұшақтар біртіндеп барлық халықаралық және ішкі еуропалық бағыттарда іске қосылады, кейіннен бұл жаңарту Қазақстанды Lufthansa жаһандық желісімен байланыстыратын бағыттарды да қамтитын болады.
Ұзақ мерзімді жоспарында Lufthansa өз желісін дамыту және оңтайландыру шеңберінде экономикалық тиімділікке, сұраныстың маусымдық өзгерістеріне, авиациялық отын құнының динамикасына, сондайақ флотты ауқымды жаңарту аясында әуе кемелерінің шектеулі қолжетімділігіне тұрақты түрде назар аударады.

Lufthansa Group үшін негізгі басымдықтардың бірі рейстердің тұрақты, уақтылы және сенімді орындалуын қамтамасыз ету. Бұл әсіресе жоғары операциялық тұрақтылықты талап
ететін қысқы кезеңде аса маңызды. Аталған факторларға байланысты 2026/2027 жылдардың қысқы кестесі қолданылатын кезеңде Франкфурт – Қазақстан (Алматы және Астана) және кері бағыттар бойынша рейстерді орындауды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы тұрақты қатынасты қамтамасыз ете отырып, осы бағыт бойынша аптасына бес рейске дейін орындауда. Жоспарларымызға сәйкес, Lufthansa өзінің Қазақстандағы қызметін 2027 жылдың көктемінде қайта бастайды. Біз барлық өзгерістердің клиенттеріміз үшін барынша ыңғайлы өтүіне ұмтыламыз. Рейстердің тоқтатылуына байланысты өзгерістерге іліккен жолаушылар жедел хабардар етіліп, қажетті қолдау алады. 2017 жылдан бері іске асырылып келе жатқан Lufthansa мен Air Astana арасындағы код-шеринг келісімшарты аясында,Lufthansa маркетингтік рейс нөмiрлерімен белгіленге, бірақ іс жүзінде Air Astana әуекомпаниясы арқылы жүзеге асырылатын Астана – Франкфурт, Алматы -Франкфурт және қайта бағыттарын қысқы маусымда брондауға болады.

Қазақстаннан клиенттер өздерінің брондауларын онлайн режимде жеке басқара алады, өздерінің туристік агентіне хабарласа алады немесе +7 800 080 83 34 телефоны арқылы
Lufthansa колл-орталығына хабарласа алады. Lufthansa өз жолаушыларының сенімін жоғары бағалайды және алдағы уақытта өңірдегі әуе қатынастарының мүмкіндіктерін кеңейту мен қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.