Марк Логран inDrive компаниялар тобының президенті болады

Жаһандық Көлік және қала қызметтері платформасы болып табылатын inDrive компаниясы Марк Логранның компаниялар тобының Президенті болып тағайындалғанын хабарлайды, ол 2023 жылдың 12 шілдесінен бастап inDrive-қа қосылады.

Логран мырза inDrive стратегиясын әзірлеумен айналысады және компанияның негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томскийге тікелей есеп береді. Марк негізгі бизнес стратегиясын әзірлеу, өнімділікті арттыру, сондай-ақ компанияның инвестицияларын масштабтаумен айналысатын болады. Ол сондай-ақ inDrive-тің жеке вертикалі болып табылатын inVision-ді одан әрі дамытумен айналысады, оның шеңберінде компания ғылымда, білім беруде, спортта және өнерде әділеттілік пен теңдікті қолдау жөніндегі бастамаларды дамытады.

inDrive компанияны компаниялар тобына айналдыру аясында осы тағайындау туралы шешім қабылдады: жаңа құрылым орталықсыздандыруды, жылдам шешім қабылдауды және жаңа вертикальдардың өсуін қамтамасыз етеді.

«Марк inDrive-қа өзінің бай тәжірибесі мен басқарушылық көрегендігін, сондай-ақ технология, бағдарламалық қамтамасыз ету және машина жасау саласындағы мол білімін әкеледі. Оның қызмет тізімі мен тәжірибесі оны біздің командамыздың баға жетпес толықтырушысына айналдырады – бұл осындай маңызды рөл үшін тамаша таңдау. Біз Маркпен бірге көлік және қала қызметтерінің жетекші жеткізушісі ретінде өсуді және әлемді жақсы жаққа өзгерту деген миссиямызды жүзеге асыруды асыға күтеміз», — осылайша Арсен Томский жаңа тағайындау туралы түсініктеме берді.

«inDrive стартаптан «жалғыз мүйізге» (Unicorn) дейінгі даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мен компанияға осы жолмен жүруді жалғастыруына, бизнесті кеңейтуге және компанияның негізгі құндылықтары мен миссиясын ілгерілетуге көмектескім келеді», – деді Марк Логран.

inDrive-қа қосылғанға дейін Марк Орталық және Шығыс Еуропада Honeywell президенті болды және компанияның аймақтағы өнеркәсіптік технологиялардың жетекші жеткізушісі ретіндегі позициясын нығайтуға жауапты болды. Оның қарамағында ғылыми-зерттеу орталықтары, зауыттар мен коммерциялық ұйымдарды қоса алғанда, 25-тен астам локацияда 7500 адам болды.

Honeywell-ге дейін Марк Microsoft корпорациясының Польшадағы коммерциялық бұлттық бизнесін басқарды, онда ол компанияның цифрлық трансформациясына 1 миллиард доллар инвестициялауын қадағалады. Ол сондай-ақ Microsoft Consumer Сhannels Group Вusiness бөлімшесінің бас менеджері болды, ол жерде Ұлыбританиядағы тұтынушылармен және өнім серіктестерімен, соның ішінде Windows PC, Surface және планшеттермен, Windows Phone, Xbox & Entertainment және Office-пен байланысты барлық еншілес компаниялардың қызметіне жауапты болды.

Microsoft корпорациясына келгенге дейін Марк өзінің консалтингтік агенттігін басқарды, технологиялық компанияларға олардың тұтынушылық стратегиялары бойынша кеңес берді. Ол GlaxoSmithKline коммерциялық вице-президенті, Ұлыбритания мен Ирландиядағы Nokia бас директоры және телевизиялық және кең жолақты қолжетімділік технологияларымен айналысатын Pace International компаниясының президенті сияқты басқа да басшылық қызметтерді атқарды..

Марк Кембридж университетінің жаратылыстану ғылымдарының бакалавры, магистрі және докторы дәрежесіне ие.