Наурыз айында ITS сауда-саттық көлемі рекордтық $2,1 млрд көрсеткішіне жетті

ITS халықаралық сауда платформасы 2026 жылғы наурызда сауда айналымының тарихи максимумын тіркеді – $2,1 млрд, бұл ақпан айымен салыстырғанда 38% жоғары.
Бұған дейінгі $1,82 млрд мөлшеріндегі айлық рекорд 2025 жылдың қазанында тіркелген болатын.
Наурыз айында сауда-саттық көлемінің өсуіне алаңға жаңа брокерлерді қосудың, құралдар санын көбейтудің, сондай-ақ жаһандық нарықтағы қолайлы конъюнктураның арқасында инвесторлар санының артуы ықпал етті.
«Наурыз айындағы рекордтық көрсеткіштер – бұл ITS бүкіл командасының бірлескен жұмысы: серіктес брокерлер желісін кеңейтудің және алаңдағы инвесторлар санының дәйекті түрде өсуінің нәтижесі. Инвесторлар біздің алаңды халықаралық нарықтарға сенімді түрде кіру мүмкіндігі ретінде қарастырады және сауда-саттық көлемі мұны растап отыр», – деп атап өтті CEO ITS Құрмет Оразаев.
«Біз бұл трендті сақтауды жоспарлап отырмыз: құралдар тізімін кеңейтуді және алаң инфрақұрылымын дамытуды жалғастырамыз», – деп қосты ол.
Наурыз айында ITS алаңындағы инвесторлар жиынтығында 365 000-нан астам мәміле жасады, ал осыдан бір ай бұрын мәмілелер саны 298 000-ға жеткен болатын.
Наурыз айында ең жоғары сұранысқа ие құралдар бастапқы листингі АҚШ биржаларында жасалған мынадай акциялар мен ETF болды: Direxion Daily Semiconductor Bull 3X ETF (SOXL), Direxion Daily Semiconductor Bear 3X Shares (SOXS), ProShares Ultra Bloomberg Natural Gas (BOIL), Freedom Holding Corp. (FRHC), Nebius Group N.V. (NBIS), Micron Technology, Inc. (MU), Strategy Inc. (MSTR), NVIDIA Corporation (NVDA).
Сонымен қатар ITS наурыз айында Курмет Оразаевты бас атқарушы директор (CEO) қызметіне тағайындап, Армениядан жаңа брокерді қосты, саудаланатын құралдар санын арттырды және ITS Shariah исламдық индексіне қайта теңгеру жүргізді.



