Red Bull 400 әлемдік жарысы жаңа белестерге жол ашты

Алматы қаласындағы «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде, Red Bull 400 әлемдік жарысы өтті. 13 елде, мыңдаған қатысушы, көлбеулігі 35 градус болатын 400 метр жол мен трамплиннің алдындағы жылдамдық алу аймағынан жүгіріп өтті.

Red Bull 400 – қатысушылардың  физикалық тұрғыдан шыдамды, батыл болуын және стратегиялық жоспар құру білуін талап ететін, адамның төзімділігі сынға түсетін жарыс. Қатысушылар, жарыс жолын өзгелерден бұрын жүгіріп өтіп, финалға қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін, өз күшін дұрыс жұмсай  білуі керек және стратегиялық жоспар құруы тиіс.

Жарыс ер адамдар мен әйел адамдар категориясы бойынша және командалық есеп әкелетін эстафета түрінде ұйымдастырылды. Финалдық жарыс күн батқаннан кейін өтті. Қатысушылар түнгі қаланың қайталанбас атмосферасын сезініп, түнгі жарыстың барлық қызығын басынан кешті.  Финалға үздіктер ғана өтті, оларды жарыс жолын жүгіріп өткен барлық қатысушының арасынан, уақыт көрсеткіші бойынша іріктеп алды.

Ер адамдардың арасынан словениялық Якуб Шиарник топ жарды, оның уақыт көрсеткіші — 03:49.

Екінші орынға, 04.05 деген нәтижемен, қазақстандық Дәулет Рахимбаев ие болды (2021 жылғы маусымның жеңімпазы).

Үшінші орын үшін Жомарт Көмекбаев пен Педро Визуэтенің арасында тайталасқан жарыс жүрді, жеңісті мәре сызығына бір секунд бұрын жеткен Педро иеленіп кетті, оның нәтижесі – 04.06.

Әйелдердің арасынан үздік атану бақыты Татьяна Нерознакке (2021 жылғы маусымның жеңімпазы) бұйырды, оның нәтижесі – 04.53, екінші орынды Ангелина Шурыга (05:15) иеленді. Үшінші орынды Айдосова Диана (05:19) алды. Эстафета бойынша, Kaisarov Functional Training командасы екінші рет жеңіске жетті, олардың уақыты — 02:28.

Қатысушылардың барлығы бірдей жағдайда болуы үшін, әлемнің кез келген елінде ұйымдастырылған жарыс, сертификатталған шаңғы трамплинінде өтеді. Жарыс жолының ұзақтығы, шамамен, 4 футбол алаңына тең, ал көтерілетін биіктігі — 40 қабаттық ғимаратпен бірдей.