Samsung кәсіби деңгейдегі мүмкіндіктері бар Galaxy A57 5G және Galaxy A37 5G-ді тамаша бағамен ұсынады

One UI 8.5 интерфейсімен жабдықталған А-сериялы смартфондар Samsung-тың жасанды интеллект базасындағы жаңа шешімдерімен мақтана алады.

«Дауыстық транскрипция», ЖИ-таңдау, «Нысандарды жою», «Бет бейнесін жақсарту», Сүзгілер мен өңдеу ұсыныстары, бейнені өңдеуге арналған «Автоматты қию», Google арқылы белгілей отыра табу және тағы басқа көптеген жасанды интеллект мүмкіндіктері күнделікті смартфонмен жұмыс істеу тәжірибеңізді айтарлықтай жақсартады – жұмыс, қарым-қатынас немесе ойын-сауық сияқты тапсырмаларды орындауды жеңілдетеді, жылдамдатады және жағымды етеді!

Жасанды интеллект фото және бейне түсірілімді жақсартты. 50 Мп сенсор айқын және нақты кескіндер шығарады, ал жарық көмескі кезінде камера жақсартылған түнгі режимді пайдаланады. Нысандар ЖИ арқылы танылады, ал әртүрлі көріністер табиғи тері реңктері мен айқын аяның бөлінуі бар таңғажайып портреттер үшін оңтайландырылған.

Аккумулятор 5000 мАс сыйымдылығымен екі күнге дейін жетеді, ал өте жылдам зарядтау 30 минут ішінде 60% деңгейді қамтамасыз етеді.

Galaxy A57 5G және A37 5G ендігіде Қазақстанда қолжетімді. Samsung.kz ресми интернет-дүкені арқылы сауда жасаған кезде сіз өте қолжетімді бонустар аласыз: Galaxy Buds Core құлаққаптары сыйлыққа, сондай-ақ Samsung Wallet (Samsung Pay) арқылы төлем жасаған кезде қосымша 10% жеңілдік. Ұсыныс сәуір айының соңына дейін жарамды. Galaxy A57 5G түн ортасындағы қара көк, сұр және лаванда түстерінде бар, ал Galaxy A37 5G лаванда, көмір түсті және қоңыр жасыл түстерінде бар.