TikTok Қазақстан жаздың басты әуенін анықтады

TikTok жаздың қорытындысын шығара отырып, Қазақстандағы және дүниежүзіндегі платформадағы ең танымал музыкаларды анықтады. Қазақстандық қолданушылар үшін осы жаздың №1 әні «Ирина Кайратовна» тобының «Чина» трегі болса, ал бүкіл әлемде әнші Мэй Стивенстің «If We Ever Broke Up» композициясы платформаның басты әуеніне айналды.

Қысқа бейнебаяндарды көру мен жасауға арналған жетекші TikTok платформасы өтіп бара жатқан жаздың музыкалық нәтижелерін қорытындылап, осы маусымда Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі қосымша қолданушыларына барынша ұнаған басты тректердің тізімін жариялады.

TikTok-та музыка маңызды рөл атқарады: ол қолданушыларын шығармашылықтарымен бөлісуге шабыттандырады, талай трендтердің өзегіне айналып, платформа атмосферасын жағымды күйге толтырады. Дарынды музыканттар TikTok-тан әлемнің әр түкпіріндегі өз тыңдаушыларын тауып, кез келген жарқын музыкалық шығарма танымал болып, миллиондаған адамдардың сүйіспеншілігіне ие бола алады.

Осы жазда платформа қауымдастығы жігерлі би ырғағынан бастап лирикалық әуендерге дейінгі әртүрлі музыкаларға бейнебаяндар жасады, олардың кейбіреулері маусымның нағыз әнұранына айналды. Жазғы поп-хиттердің шабыт алған #SongSOfTheSummer хэштегі арқылы жасалған бейнебаяндар қазірдің өзінде 5 миллиардтан астам қаралым жинап, Қазақстанда мен дүниежүзіндегі миллиондаған музыка әуесқойларын біріктірді.

Бүгін платформа 2023 жылдың жазында TikTok қолданушыларының жүрегін жаулаған басты хиттер мен музыкалық артистердің тізімін ұсынады. Үздік тректер осы әуендердің көмегімен жазда жасалған бейнебаяндар санына қарай іріктелді: осылайша, TikTok қауымдастығы 2023 жылғы жаздың басты хиттерін таңдады.