Тұрақты даму қағидаттарының жүзеге асуы: ҚазҰУ тәжірибесі

Қазіргі жаһандық даму кезеңінде тұрақты даму ұғымы мемлекеттер мен қоғамдардың ұзақ мерзімді өркендеуінің негізіне айналып отыр. Экономикалық өсім, әлеуметтік әл-ауқат және қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе теңдікті сақтау бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы бағыттағы халықаралық бастамалар білім беру жүйесіне де жаңа міндеттер жүктейді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұрақты даму қағидаттарын оқу, ғылым және қоғамдық қызмет арқылы жүйелі түрде іске асырып келеді.Білім ордасында тұрақты даму идеялары оқу үдерісіне кеңінен енгізілген. Оқу бағдарламалары заманауи талаптарға сәйкес жаңартылып, экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік әділдік және тиімді басқару мәселелері пәндік мазмұнмен тығыз байланыстырылған. Мұндай тәсіл білім алушылардың кәсіби білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың жаһандық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.Сапалы білім беру университет қызметінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырылады. Заманауи білім беру технологияларын енгізу, цифрландыру үдерістерін дамыту және инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқу сапасы тұрақты түрде жетілдірілуде. Аталған шара білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Университет аумағында жасыл аймақтарды сақтау, ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, студенттер арасында экологиялық акциялар мен ағартушылық іс шаралар ұйымдастырылып, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениеті қалыптасуда.Әлеуметтік бағыттағы бастамалар да маңызды орын алады. Білім алушылар үшін тең мүмкіндіктер ұсыну, қолайлы орта қалыптастыру және әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі дамыған. Студенттерге жатақханамен қамтамасыз ету, түрлі жеңілдіктер мен қолдау бағдарламаларын ұсыну арқылы олардың сапалы білім алуына жағдай жасалады. Ғылыми зерттеулер тұрақты даму бағыттарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Университет ғалымдары экология, энергетика, құқық, әлеуметтік саясат сияқты өзекті салаларда зерттеулер жүргізіп, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Дәл осы әрекет ғылыми нәтижелердің тәжірибелік маңызын арттырып, ел дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық та осы бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі болып саналады. Шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалар мен ғылыми жобалар тәжірибе алмасуға және жаңа білімді игеруге мүмкіндік береді. Жастардың белсенділігі тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады. Студенттер түрлі әлеуметтік жобаларға, қайырымдылық акцияларға және қоғамдық бастамаларға қатысып, қоғам өміріне белсенді араласуда. Мұндай әрекеттер олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, әлеуметтік белсенділігін қалыптастырады.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәжірибесі көрсеткендей, тұрақты даму қағидаттарын іске асыру кешенді әрі жүйелі тәсілді талап етеді. Білім беру, ғылым және тәрбие үдерістерінің өзара байланысы осы бағыттағы нәтижелі жұмыстың негізіне айналған. Университетте жүзеге асырылып жатқан бастамалар тұрақты дамуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның маңызды бөлігі болып табылады. ҚазҰУ тәжірибесі білім беру мекемелерінің қоғам дамуына ықпал ететін негізгі орталықтардың бірі екендігін айқындайды. Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде білім алушылар жауапты, саналы және белсенді азамат ретінде қалыптасып, ел болашағына өз үлесін қосуға дайын маман деңгейіне көтеріледі.
Турсынкулова Динара Ахановна,
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Заң факультетінің Мемлекет және
құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік
құқық кафедрасының ассистент профессоры,
заң ғылымдарының кандидаты
Тойжан Мәдина Нурланқызы,
Заң факультетінің 1 курс магистранты



