U.S. International Development Finance корпорациясы (DFC) Қазақстандағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды нығайтуды көздейді
АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы (DFC) Қазақстандағы ірі телекоммуникациялық компаниялардың бірі Tele2 иесі Power International Holding компаниясымен елдегі негізгі телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша әріптестік орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді. Бұл бастама нарықты сенімді жеткізушілерге ашығу бағыттылған. Сонымен қатар, бұл президент Трамптың АҚШ-тың Орталық Азияға деген стратегиялық маңыздылығының айқын дәлелі.
Ынтымақтастық ниеті туралы хатқа (LOI) қол қою рәсімі Қазақстанда, Астана қаласында өтті. Құжатқа DFС атқарушы директоры Бен Блэк пен Power International Holding (PIH) компаниясының президенті мен компаниялар тобының атқарушы директоры Рамез Әл-Хаят қол қойды. Рәсімге сондай-ақ PIH компаниялар тобының төрағасы Муатаз Әл-Хаят, телекоммуникация, медиа және технология жөніндегі атқарушы директоры Михаил Герчук, DFC аппарат басшысы және инвестициялар жөніндегі басшысы Конор Коулман, DFC аппарат басшысының орынбасары Коул Берман қатысты.
«Бүгінгі жаңалық – президент Трамптың Американың стратегиялық мүдделерін ілгерілетуге деген табанды ұстанымының тағы айғағы, – деді DFC атқарушы директоры Бен Блэк. «DFC тарапынан ұсынылып отырған инвестиция Қазақстандағы әлеуетті мүмкіндіктерге деген көзқарасымыздың өзегін құрайды және біз елмен серіктестікті одан әрі дамытуға ниеттіміз. Бұл келісім өңірлік байланыстарды түбегейлі өзгертетін, нағыз серпін беретін жоба әрі Қазақстандағы экономикалық өсімге қуатты серпін болмақ».
Ниет туралы хатта Tele2 компаниясының Қазақстандағы цифрлық байланысқа деген сұраныстың артуын қамтамасыз ететін, үйлестірілген телекоммуникациялық жабдықтарға көшуін қолдауға бағытталған ықтимал әріптестік айқындалған. Бұл жаңғырту жұмыстары 5G байланысын, мобильді деректер қызметтерін, электрондық коммерция мен цифрлық төлемдерді, сондай-ақ өзге де цифрлық сервистерді дамыту үшін қажетті маңызды инфрақұрылымды нығайтады.
Инвестицияның мақсаты – экономикалық өсуді артыратын және АҚШ пен оған серіктес телекоммуникациялық компаниялары үшін жаңа нарықтар ашатын қауіпсіз әрі сенімді желілер құру. DFC ұсынатын қаржыландыру тетіктері Қазақстанға жаңа телекоммуникациялық жабдықтарға көшу мүмкіндігін ашып, ауқымды, тиімді, тұрақты және қауіпсіз инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары жылдамдықты желілер мен заманауи цифрлық экономиканың дамуына негіз болады.
DFC ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ICT) және телекоммуникациялық желілердің жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын нығайтуға ниетті жаһандық серіктестерді қаржыландыруды кеңейтуді мақсат етеді. Бұл үкіметтер мен желі операторларына сенімді жеткізушілерді таңдау еркіндігін беріп, ұлттық егемендікті нығайтады. Оған 4G және 5G жабдықтарын жеткізу тізбектеріндегі шамадан тыс шоғырлануды әртараптандыру және сенімді жеткізушілерден әлемдік деңгейдегі жетекші телекоммуникациялық жабдықтарды жеткізуді қаржыландыру кіреді.
Транскаспий өңірі – әлемдегі стратегиялық маңызы жоғары экономикалық дәліздердің бірі. DFC Қазақстан мен Орталық Азияда экономикалық өсімді және ортақ әл-ауқатты ілгерілету үшін зор әлеует бар деп санайды. Аса маңызды минералдарға жаһандық сұраныстың артуы, өңірдің қауіпсіз әрі сенімді энергия көздеріне қажеттілігінің өсуі және Транскаспий дәлізі бойындағы сауданың кеңеюі аясында DFC Қазақстандағы экономикалық серпінді қолдауға және инфрақұрылым, энергетика, аса маңызды минералдар және басқа да басым бағыттар бойынша жеке сектор инвестицияларын жұмылдыруға үлес қоса алады.




