Үндістанның азаматқа бағытталған дипломатиясы

Дипломатия дәстүрлі түрде тек саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері төңірегіндегі келіссөздерге назар аудара отырып, мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жүргізу ретінде түсіндіріліп келді. Алайда қазіргі ғасырдың басталуымен жаһандану, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы және халықтың көшіп-қонуының артуы нәтижесінде әлемдегі ахуал түбегейлі өзгеріп, дипломатияның аясы да кеңейе келе оған жаңа бағыттар қосылды. Үндістан да бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ және дипломатияның өзегіне азаматқа бағытталған тәсілді қойған сыртқы саясатты қалыптастырды. Бұл саясат ел азаматтарының әл-ауқатын, қауіпсіздігі мен мүдделерін басты орынға қойып, үнді азаматтарын сыртқы қарым-қатынастардың маңызды бөлігіне айналдырды, бұл өз кезегінде Үндістанның Сыртқы істер министрлігінің азаматтардың қажеттіліктеріне неғұрлым жедел әрі тиімді әрекет етуіне ықпал етті.
Бұл бағыт қалай қалыптасты?
Өткен ғасырдың соңына дейін шетелде тұратын үнді азаматтары (NRIs — Үндістанның резиденті болып табылмайтын үнді азаматтары) мен үндістандық тегі бар адамдар үкімет саясатында ерекше орын алған жоқ, өйткені олар Үндістанның дамуына ешқандай үлес қоспай, тек өз жеке басының мүддесі үшін көшіп кеткен адамдар ретінде қаралды. Алайда, осы ғасырдың басында бұл үндістердің ақшалай аударымдар мен инвестициялар арқылы өз отанының экономикасына үлес қосып қана қоймай, өздері тұратын елдердің үкіметтерінде де маңызды рөл атқаратыны түсінілді. Үнді диаспорасының маңыздылығын қазіргі уақытта халық саны 35,4 миллионнан асатын (Австралия мен Жаңа Зеландияның біріктірілген халқынан да көп) үнді диаспорасының соңғы қаржы жылында отанына 135,46 миллиард АҚШ долларын аударғанынан-ақ түсінуге болады! Бұдан бөлек, үндістандық тегі бар көптеген азаматтар академиялық мекемелерде және түрлі мемлекеттердің мемлекеттік басқару органдарында жоғары лауазымдарға көтерілді, бұл олардың Үндістанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы маңызын айқындай түседі.Соңғы жылдары Үндістан үкіметтері осы орасан зор адами әлеует пен ресурстарға көбірек көңіл бөле бастады. Жыл сайынғы «Праваси Саммелан» іс-шаралары мен «Праваси» марапаттары үнді диаспорасының көрнекті тұлғаларымен байланысты нығайтуға серпін берді. Үндістанның Сыртқы істер министрлігі еңбек ету, кәсіпкерлік қызметпен айналысу немесе білім алу мақсатында шетелге шығатын Үндістан азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бірқатар бастамаларды қолға алды.
Азаматқа бағытталған дипломатияның негізгі ерекшеліктері
Бұл бастамалар азаматтың паспорт рәсімдеуге өтініш беруінен және виза алудан бастап, сапарға шығуы, шетелде қауіпсіз болуы және Үндістанға оралуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.Шетелге шығуға ниет білдіретін үнді азаматтарының санының артуына байланысты Үкімет жаңа паспорт бөлімшелерін ашты, барлық аудандарда паспорт рәсімдеуге өтініш қабылдау орталықтарын іске қосты, рәсімдерді цифрландырды, сондай-ақ халықаралық сапарларды жеңілдету үшін халықаралық әуежайлардың санын көбейтті. Жолға шығар алдындағы бағдарлау және даярлау (PDOT) бағдарламалары жұмыс істейді, шетелдегі үндістердің медициналық сақтандырылуын қамтамасыз ету үшін «Праваси Бхартия Бима Йоджана» сақтандыруы басталды, үнді жұмысшылары үшін тиісті жұмыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында сегіз елмен Көші-қон және мобилділік серіктестігі туралы пактілерге және он тоғыз елмен Әлеуметтік қамсыздандыру келісімдеріне қол қойылды. Сондай-ақ азаматтарға тиісті ережелер мен талаптар туралы ақпарат беруге арналған e–Migrate қосымшасы іске қосылды. Көптілді MADAD көмек порталы тәулік бойы жұмыс істеп, қиын жағдайға тап болған Үндістан азаматтарына қолдау көрсетеді. Портал еңбек визаларын, жұмыс берушінің мәртебесін және оның әлеуетті қызметкерге ұсынатын сақтандыру кепілдігін де тексереді. Үкімет шетелдегі Үндістан азаматтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жаңа елшіліктер мен консулдықтарды ашты. Сол юрисдикцияда тұратын үндістердің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін Консулдық бөлімнен бөлек Үнді қоғамдастығы бөлімі құрылды. Шетелдегі Үндістанның барлық дипломатиялық миссиялары мен өкілдіктерінде төтенше жағдайлар кезінде уақытша баспана, заңгерлік көмек және мұқтаж/шарасыз қалған үндістерге Үндістанға әуебилеттер ұсыну арқылы азаматтарымызға көмектесу үшін Үнді қоғамдастығының әл-ауқат қоры (ICWF) құрылды. Бұдан бөлек, үнді қоғамдастығының шағымдары мен мәселелерін тыңдау және шешу үшін Үндістан елшіліктерінде тұрақты түрде ашық есік күндері ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, үкімет қақтығыс аймақтарында қалып қойған Үндістан азаматтарын құтқару бойынша бірқатар табысты операцияларды жүргізді. Соңғы жылдардағы осындай операциялардың қатарында Украина, Оңтүстік Судан және Йеменнен эвакуациялау шаралары бар.
Сын-қатерлер
Азаматқа бағытталған дипломатияның да өзіндік қиындықтары бар. Түрлі мақсаттармен шетелге шығатын үндістердің өсіп келе жатқан саны кадр тапшылығы мен ресурс жетіспеушілігінен зардап шегіп отырған дипломатиялық өкілдіктерімізге ауыр салмақ түсіруде. Соғыс жүріп жатқан елдердегі үнді қауымдастығына тиімді көмек көрсету де тұрақсыз жағдайға байланысты күрделі міндетке айналады. Үндістандық делдалдар мен әлеуметтік желілер арқылы таралатын жалған ақпарат, сондай-ақ әр елдегі құқықтық жүйелердің ерекшеліктері бұл мәселелерді одан әрі күрделендіреді.
Алға қойылған міндеттер
Шетелдегі өкілдіктеріміздің қарамағына жеткілікті қызметкерлер пен қаражат бөлу және оларды онда жібермес бұрын тиісті түрде оқыту түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жұмысқа немесе оқуға шетелге баратын әрбір үнді азаматы үшін жолға шығар алдындағы бағдарлау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ осындай азаматтарды адастыратын және жалған ақпарат беретін делдалдардың қызметіне тосқауыл қою бойынша қатаң шаралар қабылдау аса маңызды.
Қорытынды
Дипломатиямыздағы азаматтың маңыздылығы ақыры түсініліп, Үкімет олардың мәселелерін объективті әрі оң көзқараспен шешіп жатқаны қуантады. Қосымша ресурстар бөлініп, жосықсыз делдалдарға қатысты қатаң шаралар қабылданған жағдайда, Үндістанның азаматқа бағытталған дипломатиясы сөзсіз бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Елші Джитендра Кумар Трипати
Citizen-Centric Diplomacy of India
Diplomacy had been traditionally understood as conduct of bilateral relations between the states focussing on the negotiations only in political, economic and security related drivers. However, the advent of the current century, having witnessed a sea change in the ground realities due to the globalisation, rapid scientific and technological development and increased mobility, transformed and expanded the scope of diplomacy focussing on the new dimensions. India also could not remain untouched by this transformation and adopted a foreign policy with the citizen- centric diplomacy at its heart. This policy places the welfare, security and interest of the country’s citizen at its core making Indian citizens an important part of its external engagements which has made, in turn, the Ministry of External affairs more responsive to their needs.
How did it evolve?
Until the turn of the last century, the Indians living abroad (NRIs) and persons of Indian origin had no place in the policies of the government as they were considered to be the persons, migrated out of India for their own individual interest with no contribution towards the development of India. However, at the beginning of the current century, it was realised that these Indians not only contribute to the economy of their homeland by way of remittances and investments but also play a significant role in the governments of their residence. The importance of Indian diaspora can be understood by the fact that currently the Indian diaspora, with the population of more than 35.4 million (more than the combined population of Australia and New Zealand) has remitted US$ 135.46 billion in the last financial year! Moreover, many persons of Indian origin have risen to important positions in academic institutions and in their governments which underlines their importance in our foreign policy calculus. However, lately the Indian governments started paying more attention to this vast reservoir of talent and resources. The annual Pravasi Sammelan and Pravasi awards had given momentum to the outreach to the eminent personalities of Indian diaspora. The Ministry of External Affairs has taken many initiatives to ensure the welfare of Indian citizens visiting abroad for employment, business or educational purposes.
Key features of the Citizen -Centric Diplomacy
These initiatives cover the period from the application for passport to visa, travel, safe stay and return to India. In view of the growing number of Indians willing to visit abroad, the Government has opened new passport offices, passport application centres in all districts, digitised the procedure and opened more international airports to facilitate international travel. PDOT (Prior to Departure Orientation and Training) programs are in place, a Pravasi Bhartiya Bima Yojna has been started to ensure the health insurance of Indians abroad, Migration and Mobility Partnership pacts have been signed with eight countries and Social Security agreements have been signed with nineteen countries to ensure the proper work environment for Indian workers. An e-migrate application has also been launched to educate such citizens about the rules and regulations. MADAD, a multi-lingual help portal, works round the clock to assist Indian citizens in need. It also examines the employment visas, the employer’s status and the insurance cover provided by him to the prospective worker. The government has opened more embassies and consulates to cater to the needs of Indian citizens abroad. An Indian community wing, separate from the Consular wing, has been established to ensure well-being of the Indians living in that jurisdiction. Indian Community Welfare Fund has been established in all our diplomatic missions and posts abroad to assist our citizens in case of emergency through temporary shelters, legal assistance and air tickets to India for the destitutes/stranded Indians. Besides, open houses are being organised in India embassies at regular intervals to listen to and address the grievances of Indian community. Moreover, the government conducted a number of successful rescue operations for the Indian citizens stranded in violence -hit areas. Ukraine, South Sudan, Yemen have been some of such recent operations.
Challenges
The citizen -centric diplomacy also faces its own challenges. The growing number of Indians visiting abroad for various purposes has put a heavy pressure on our missions which already suffer from a shortage of manpower and resource-crunch. Effectively assisting the Indian community in a war-torn country also becomes a challenge in view of unstable situation. Misinformation by Indian touts and social media, and different local legal systems compound the problems.
The way forward
Allocation of sufficient staff and funds at the disposal of our missions abroad and their adequate training before posting there can mitigate the challenges. The pre- departure orientation should be made compulsory for every Indian going abroad for employment or education. A curb on touts misleading such Indians is imperative.
Conclusion
It is heartening that the importance of citizen in our diplomacy has finally been realised and the Government is addressing their issues with an objective and positive attitude. With allocation of more resources and strict action against the touts, our citizen-centric diplomacy will certainly bear more fruits.
By Ambassador Jeitendra Kumar Tripathi (Retd.)


