Үндістанның ғарыш секторы: жаһандық серіктестіктер үшін бастапқы алаң

Ғарыш кеңістігіндегі өсіп келе жатқан бәсекелестік Үндістанға тек текетірес емес, ынтымақтастық ғарышты игерудің басты қозғаушы күшіне айналатын жаңа бағытты қалыптастыруға бірегей мүмкіндік береді. Сенімді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді ғарыш державасы ретінде танылған Үндістан бүгінде өзінің технологиялық жетістіктерін ғылыми прогреске, экономикалық өсімге және тұрақты дамуға үлес қосатын ұзақ мерзімді халықаралық серіктестіктерге айналдыруға толықтай дайын.
Үндістанның ғарышты игеру жолы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Қырғи-қабақ соғыс текетіресінен туындаған көптеген ғарыштық бағдарламалардан айырмашылығы, Үндістанның бағдарламасы ұлттық дамудың құралы ретінде ойластырылды. Доктор Викрам Сарабхаи Үндістанның ғарыштық пайымын қарапайым адамдардың өмірін жақсартатын практикалық қолданысқа негіздеді. Оның басшылығымен байланыс жүйелерін нығайту, ауа райын болжау, төтенше жағдайлар мен табиғи апаттарды басқару, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларын дамыту үшін спутниктер жасалды. Дамуға бағдарланған бұл философия әлі де Үндістанның ғарыш бағдарламасының негізгі өзегі болып табылады және ғарыш технологияларын тек бедел үшін емес, практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалануға ұмтылатын Жаһандық Оңтүстік елдерінің қажеттіліктерімен де тығыз үндеседі.
Бүгінде Үндістанның жетістіктері даму міндеттерімен ғана шектелмейді. «Чандраян» миссиялары, Марс орбиталық миссиясы («Мангальян»), «Адитья-L1» күн обсерваториясы және алдағы «Гаганьян» басқарылатын ғарыш кемесі бағдарламасы Үндістанды күрделі әрі сенімді ғарыштық миссияларды орындай алатын мемлекет ретінде көрсетті. «Чандраян-3» аппаратының Айдың оңтүстік полюсіне сәтті қонуы Үндістанды ғарыш державаларының таңдаулы тобының қатарына қосты, сонымен бірге әлемдік деңгейдегі инновацияларға салыстырмалы түрде аз шығынмен қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.
Үндістанның сенімді ғарыштық әріптес ретіндегі беделінің артуы жаһандық ғарыш экономикасы қарқынды кеңейіп жатқан кезеңге сәйкес келіп отыр. Бүгінде құны 600 миллиард АҚШ долларынан асатын және 2035 жылға қарай 1,8 триллион АҚШ долларына жақындайды деп болжанған бұл сектор спутниктік байланыс, Жерді қашықтықтан бақылау, навигация, климаттық қызметтер, кең жолақты байланыс, сондай-ақ орбитада қызмет көрсету мен Айды игеру сияқты жаңа бағыттардағы коммерциялық белсенділікпен нығайып келеді. Көптеген мемлекеттер осы салаға қатысуға ұмтылғанымен, олардың өздерінің қажетті технологиялық мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан олар тек ұшыру қызметтерін ұсынатын компанияларды емес, сенімді әрі ұзақ мерзімді әріптестерді іздейді.
Үндістан бұл талаптарға жауап бере алатын мүмкіндіктерге ие. 2020 жылы ғарыш секторын либерализациялау жеке сектордың қатысуына жол ашып, ғарыш саласының экожүйесін түбегейлі өзгертті. Үндістанның Ұлттық ғарыш қызметін ілгерілету және авторизацилау орталығының (IN-SPACe) құрылуы, NewSpace India Limited компаниясының коммерциялық рөлінің кеңеюі және жеке кәсіпорындардың өсуі әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан ғарыштық экожүйелердің бірін қалыптастырды. Үндістандық стартаптар халықаралық инвестициялар мен клиенттерді тартатын зымыран-тасығыштарды, спутниктік платформаларды, геокеңістіктік қосымшалар мен қозғалтқыш технологияларын дамытуда. Skyroot Aerospace, Pixxel және Agnikul Cosmos сияқты компаниялар үнділік жеке кәсіпкерліктің озық ғарыш технологиялары бойынша халықаралық деңгейде бәсекелесе алатынын дәлелдеді.
Келесі қадам – бұл экожүйені халықаралық деңгейге көтеру.
Үндістан өзін тек арзан ғарыштық ұшыру алаңы ретінде көрсетумен шектелмей, спутниктерді жобалау, ұшыру қызметтері, ғарыштық миссияларды басқару, жерүсті станциялары, ғарышкерлерді даярлау, әлеуетті арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайларды басқару және теңіз қауіпсіздігі салаларындағы қолданбалы технологияларды қамтитын кешенді әріптестік ұсынатын болады. Мұндай кешенді әріптестік Жаһандық Оңтүстік пен Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы даму басымдықтарын іске асыру үшін қолжетімді, нақты қажеттіліктерге бейімделген әрі сенімді технологияларға мүдделі елдер үшін аса құнды болмақ.
Үндістан мұндай ынтымақтастықтың дипломатиялық құндылығын іс жүзінде дәлелдеді. Оңтүстік Азия спутнигі (South Asia Satellite) арқылы көршілес елдерге байланыс және даму мүмкіндіктерін ұсынды. Үндістандық зымыран-тасығыштар бүкіл әлем бойынша үкіметтер, университеттер мен коммерциялық операторлар үшін жүздеген шетелдік спутниктерді орбитаға сәтті шығарды. Үндістанның «Артемида келісімдеріне» қосылу шешімі оның халықаралық ынтымақтастық арқылы Айды бейбіт түрде игеруге қатысуға дайын екенін білдіреді. NASA, Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) және JAXA ұйымдарымен ынтымақтастық Үндістанның ғылыми және технологикалық әлеуетін нығайтты.
Бұл әріптестіктер Үндістанның Жаһандық Оңтүстіктің жетекші дауыстарының бірі ретіндегі мәртебесін айқындай түседі. Үндістан технологикалық тәуелділік тудырмай, қолжетімділікке, сенімділікке және өзара құрметке негізделген даму серіктестігін ұсынады. Сондықтан ғарыштық ынтымақтастық Үндістан дипломатиясының маңызды құралына айналып, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтып, нақты даму игіліктерін алып келуде.
Өз әлеуетін толық жүзеге асыру үшін Үндістан реформалардың қарқынын сақтауды көздейді. Реттеушілік рұқсаттарды жылдамдату, венчурлық капиталға қолжетімділікті кеңейту, зияткерлік меншікті қорғауды нығайту және зерттеу институттары, өнеркәсіп пен академиялық орта арасындағы тығыз ынтымақтастық өте маңызды. Мемлекеттік сатып алу саясаты үнділік стартаптарды қолдауды жалғастырып, олардың ауқымын кеңейтуге, инновация енгізуге және жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциялануына мүмкіндік береді.
Үндістан ғарыш кеңістігін басқаруды қалыптастыруда үлкен рөл атқаруға дайын. Орбиталық кептеліс, ғарыштық қоқыс, ресурстарды жауапкершілікпен пайдалану және жаңа ғарыштық мүмкіндіктерге тең қол жеткізу өзекті халықаралық мәселелерге айналуда. Ғарыштық қызмет кеңейген сайын жауапты нормалар мен практикалар бойынша келісім қалыптастыруға қабілетті елдерге деген қажеттілік арта түседі. Үндістанның ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалануға деген ұзақ жылғы ұстанымы және өсіп келе жатқан технологиялық мүмкіндіктері оған ашықтықты, тұрақтылықты және әділ қолжетімділікті қамтамасыз ететін халықаралық қағидаларды әзірлеуге елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Алдағы онжылдық ғарыш саласында қай мемлекеттердің көшбасшы болатынын ғана емес, сонымен қатар ғарыш кеңістігінің қалай басқарылатынын да айқындайды. Ғылыми әлеуеті, кәсіпкерлік экожүйесі және халықаралық беделі арқасында Үндістан қалыптасқан және дамып келе жатқан ғарыш державалары арасындағы байланыстырушы буын болу үшін бірегей мүмкіндіктерге ие. Инклюзивтілікке, өзара тиімділікке және инновацияларға негізделген ынтымақтастық серіктестіктерін құру арқылы Үндістан өзінің ғарыштық бағдарламасын жаһандық белсенділігінің басты тірегіне айналдыра алады.
Барған сайын бөлшектене түскен әлемде Үндістанның ғарыш секторы ғарыштағы ең ұлы жетістіктер мемлекеттерді бір-біріне жақындастыратын жетістіктер екенін айқын көрсетеді. Бұл адамзаттың жаңа шекараны игеруіне Үндістанның қосатын ең маңызды әрі ұзақ мерзімді үлесі болуы әбден мүмкін.
Гурджит Сингх
India’s Space Sector: A Launchpad for Global Partnerships
Growing competition in outer space provides India with a unique opportunity to shape a narrative in which collaboration, rather than confrontation, drives space exploration. Recognised as a trustworthy and cost-effective spacefaring nation, India is now well placed to transform its technological advances into enduring international partnerships that contribute to scientific progress, economic growth, and sustainable development.
India’s journey into space has been distinctive. Unlike many space programmes that emerged from Cold War rivalries, India’s programme was conceived as an instrument of national development. Dr. Vikram Sarabhai anchored India’s space vision in practical applications that would improve the lives of ordinary people. Under his leadership, satellites were developed to strengthen communications, weather forecasting, disaster management, healthcare, agriculture and education. This development-oriented philosophy remains central to India’s space programme and resonates strongly with the needs of countries in the Global South, which seek practical applications of space technology rather than prestige alone.
Today, India’s achievements extend beyond developmental applications. The Chandrayaan missions, the Mars Orbiter Mission, the Aditya-L1 solar observatory, and the forthcoming Gaganyaan human spaceflight programme have established India as a nation capable of executing sophisticated and reliable space missions. Chandrayaan-3’s successful soft landing near the Moon’s south pole placed India among an exclusive group of space powers while demonstrating that world-class innovation can be achieved at comparatively modest cost.
India’s growing credibility comes at a time when the global space economy is expanding rapidly. Valued at over US$600 billion today and projected to approach US$1.8 trillion by 2035, the sector is increasingly driven by commercial activity in satellite communications, Earth observation, navigation, climate services, broadband connectivity, and emerging fields such as in-orbit servicing and lunar exploration. Many countries aspire to participate but lack indigenous capabilities. They seek dependable long-term partners rather than merely launch providers.
India possesses the capabilities to meet these requirements. The liberalisation of the space sector in 2020 transformed the ecosystem by opening it to private participation. The establishment of the Indian National Space Promotion and Authorisation Centre (IN-SPACe), the expanding commercial role of NewSpace India Limited, and the growth of private enterprises have created one of the world’s most dynamic emerging space ecosystems. Indian startups are developing launch vehicles, satellite platforms, geospatial applications and propulsion technologies that are attracting global investment and customers. Companies such as Skyroot Aerospace, Pixxel and Agnikul Cosmos have demonstrated that Indian private enterprise can compete internationally in advanced space technologies.
The next step is to internationalise this ecosystem.
Rather than positioning itself only as a low-cost launch destination, India will offer comprehensive partnerships encompassing satellite design, launch services, mission operations, ground stations, astronaut training, capacity building and downstream applications in agriculture, disaster management and maritime security. Such integrated partnerships would be valuable for countries across the Global South and the Indo-Pacific seeking affordable, customised and reliable technologies to meet their development priorities.
India has demonstrated the diplomatic value of such cooperation. Through the South Asia Satellite, it provided communication and developmental benefits to neighbouring countries. Indian launch vehicles have successfully placed hundreds of foreign satellites into orbit for governments, universities and commercial operators around the world. India’s decision to join the Artemis Accords reflects its willingness to participate in the peaceful exploration of the Moon through international collaboration. Cooperation with NASA, the European Space Agency and JAXA has strengthened India’s scientific and technological capabilities.
These partnerships reinforce India’s standing as a leading voice of the Global South. India offers development partnerships based on affordability, reliability and mutual respect rather than creating technological dependence. Space cooperation has therefore become an increasingly important instrument of Indian diplomacy, strengthening bilateral relationships while delivering tangible developmental benefits.
To realise its full potential, India will aim to sustain the momentum of reform. Faster regulatory approvals, greater access to venture capital, stronger intellectual property protection, and closer collaboration among research institutions, industry and academia will be essential. Public procurement policies would continue supporting Indian startups, enabling them to scale up, innovate and integrate into global supply chains.
India is positioned to play a larger role in shaping the governance of outer space. Orbital congestion, space debris, responsible resource utilisation and equitable access to emerging space opportunities are becoming pressing international concerns. As space activities expand, there will be an increasing need for countries capable of building consensus on responsible norms and practices. India’s long-standing commitment to the peaceful uses of outer space, combined with its growing technological capabilities, equips it to contribute meaningfully to the development of rules that promote transparency, sustainability and equitable access.
The coming decade will determine not only which countries lead in space but also how space is governed. With its scientific capabilities, entrepreneurial ecosystem and international credibility, India is uniquely placed to bridge the gap between established and emerging space nations. By building collaborative partnerships founded on inclusivity, mutual benefit and innovation, India can transform its space programme into a major pillar of its global engagement.
In an increasingly divided world, India’s space sector offers a powerful reminder that the greatest achievements in space are those that bring nations together. That may well become India’s most enduring contribution to humanity’s next frontier.
Gurjit Singh, former Ambassador and author


