«Жәйрем Марганеці» АҚ жаңа басшы тағайындалды

«Жәйрем Марганеці» АҚ бас директоры болып Нұрланов Абай Жақсылықұлы тағайындалды. Бұған дейін ол  Алматы қаласындағы «АК Алтыналмас» АҚ инновациялық даму департаментін басқарған. Ол бүгінгі күнге дейін 19 жыл  кәсіпорында еңбек еткен Дмитрий Петрович Шевченконың орнына тағайындалды.

36 жастағы Абай Жақсылықұлы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен ісі», «Техника және технология магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты » АҚ жерасты жұмыстары учаскесінде тау-кен жұмысшысы болып бастаған. Одан кейін жерасты жұмыстары учаскесінде тау-кен шебері, шаңды желдету қызметінің шебері, ал 2012 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, 2012 жылдан тау-кен бөліміне  тау-кен инженері болып тағайындалған.

2014 жылы Астана қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен бөлімінде жетекші инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді. Бір жылдан кейін тау-кен басқармасының бас маманы атанды. 2018 жылы «Еуразиялық Топ» ЖШС тау-кен жұмыстарын жоспарлау инженері болып тағайындалды. 2022 жылдың маусым айында Алматы қаласындағы «АК Алтыналмас» АҚ үздіксіз жетілдіру департаментінде тау-кен жұмыстары бойынша талдаушы, әрі қарай инновациялық даму департаментін басқарған.

Ол тау-кен жұмыстарын жобалауға және жоспарлауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету біліктілігіне ие.