«Жасыл рейнджер» білім беру жобасыны аяқталды

Алматының Бас ботаникалық бағында «Жасыл рейнджер» білім беру жобасының қорытынды іс-шарасы өтті. Жоба «Шеврон» компаниясы мен Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестік аясында жүзеге асырылатын Tabiğat Labs бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған. Жоба қатысушылары – Fading TSE, YEMAA artist residence, Бас Ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты), Impact Hub Almaty. Жоба серіктесі: Makerspace Almaty.

«Жасыл рейнджер» жобасы – Алматының Бас ботаникалық бағы негізінде қалалық көгалдандыру саласындағы білім беру жобасы. 2023 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін конкурстық іріктеуден өткен 12 волонтер Ботаника және Фитоинтродукция Институтының жетекші мамандарынан дәрістер курсынан өтті. Апта сайын Алматының Бас Ботаникалық бағының аумағында практикалық сабақтарда волонтерлар ағаштардың денсаулығын бақылау ережелерін, жас көшеттерді аурулар мен зең зақымдануынан күту және қорғау жұмыстарын жүргізуді, ағаштар мен бұталарды жаралардан, күнге күю және техногендік зақымданудан кейін қалпына келтіруді үйренді. Волонтерлар азаматтық қатысу идеясын насихаттай отырып, осы білімді болашақта қалалық көгалдандыру саласында дербес түрде қолдана алады.
8 қыркүйекте Алматының Бас Ботаникалық бағының басты сахнасында «Жасыл рейнджер» жобасының ұйымдастырушылары мен қатысушылары жобаның басты қорытындылары мен үш айлық бірлескен жұмыстың нәтижелері туралы айтты.

Айдана Сабитова, жоба қатысушысы:

«Жобада теориялық білімнің кең спектрі және командада практикалық бірлескен жұмыс болды. Дәріскерлер бізге өсімдіктерге қалай дұрыс күтім жасау, аурулардың алдын алу және ауру ағаштарды қалай қалпына келтіру туралы құнды білім берді. Қаладағы ағаштарға ерекше назар аудару қажет: олар жабайы ағаштарға қарағанда әлсіз болады, сондықтан олар үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Осы жобаның арқасында мен жаңа білім мен дағдыларды игеріп қана қоймай, өзімді қоршаған ортаны жақсартуға ұмтылатын команданың бір бөлігі ретінде сезіндім. Мен жоба ұйымдастырушыларына осы құнды және маңызды бастамаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Біздің қызметіміз қаланы көгалдандыруға үлкен үлес тигізеді деген сенімдемін»

Urban Forum Kazakhstan ҚҚ директоры Адиль Нурмаков: «Алматының Бас Ботаникалық бағы қала тұрғындарын эко мәселелеріне тартып қана қоймай, қатысушыларға қала табиғатына қамқорлық көрсетуге мүмкіндік беретін нақты практикалық дағдыларды беретін жазғы бағдарламалар дәстүрін жалғастыруда. Біз биыл жетекшілік ететін Tabiğat Labs бағдарламасының бөлігі болып табылатын «Жасыл рейнджер» жобасына қатысуға өте қуаныштымыз. «Жасыл рейнджер» жобасының ерекшелігі — биыл оның қорытындысы бойынша ақпараттық материалдар әзірленетін болады: олардың ішінде ауру ағаштарды диагностикалау және емдеу жөніндегі нұсқаулықтарды қоса алғанда, дәрістік және практикалық сабақтар туралы негізгі ақпарат болады. Бұл жоба аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді».

Баян Коспенбетова, Алматының Бас Ботаникалық бағының маркетинг және даму жөніндегі директоры:

«Біз үшін ғылымды және Ботаника және фитоинтродукция институтын халық арасында танымал ету маңызды. Бұл жоба арқылы біз қаладағы көгалдандыру және ағаш күтімі негіздері туралы маңызды және құнды білімді беріп қана қоймай, институт ғылыми қызметкерлерінің қаншалықты құнды білімге ие екенін көрсеттік. Оқудан өткен барлық қатысушылар – волонтерлар жобаға белсенді қатысты. Жасыл рейнджерлер алған білімдері мен дағдыларын Алматының көгалдандыру мәселелерін шешу үшін ғана емес, осы білімді барлық жақындарына, таныстарына бере алады деген үміттемін»