Еліміздегі орналастыру орындары туристерге қызмет көрсету өсімі артты

ҚР ТСМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға артық. Былтыр қаңтар-маусым аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 67,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен болатын. Ал, пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырсақ аталған көрсеткіш өсімі 2 есеге жуық.

Биыл бірінші жартыжылдықта орналастыру орындарының қызметін пайдаланған ішкі туристер саны 3,1 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 мың туристке артық. Ал пандемияға дейінгі деңгейден 1 млн адамға көп. (2019 жылы – 2,1 млн турист).

«Сондай-ақ, биыл қаңтар-маусым аралығында еліміздегі орналастыру орындарына 516 мың шетелдік турист тоқтаған. Бұл көрсеткіш былтырғы нәтижеден 1,8 есе артық. (2022 ж. алғашқы жартыжылдығында – 292 мың). Сонымен қатар, биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 914-ке жетіп, бір уақыттағы сыйымдылығы – 205 мың төсек-орынды құрап отыр»,- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.