Жасырын сусыздану: Қазақстандағы ауа райы ағзаның суға деген қажеттілігіне қалай әсер етеді?

Қазақстан тұрғындары қарама-қайшылыққа толы жағдайға тап келеді. Шөлдеу сезімі ағза едәуір мөлшерде сұйықтық жоғалтқаннан кейін ғана пайда болады. Бұған шұғыл континентті климат, ауыз судың ерекшеліктері және сұйықтықтың байқалмайтын жоғалу механизмдері себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан созылмалы жасырын сусыздану қаупі артады.
Климаттық сын-қатер
Қазақстанның дүниежүзілік мұхиттан алыс орналасуы және құрлықтың ішкі бөлігінде орналасуы күн энергиясының мол түсуіне ықпал етеді. Оның ең жоғары көрсеткіштері жаз айларында маусым мен шілдеде байқалады. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, еліміздің солтүстік өңірлерінің өзінде жылы маусымда булану көлемі жауын-шашын мөлшерінен 2–3 есе артық.
Қалыпты жағдайда ағза тәулігіне шамамен 300 мл сұйықтық жоғалтса, ыстық күндері бұл көрсеткіш тәулігіне 5 литрге дейін жетуі мүмкін. Әсіресе ауаның ылғалдылығы өте төмен болған кезде трансформациялық құрғақтық ерекше қауіп төндіреді: ылғал тыныс алу жолдары мен тері арқылы қарқынды түрде жоғалады және бұл адамға көбіне байқалмайды.
«Бүгінде қазақстандықтар үшін басты мәселе — атмосферадан алатын ылғал мен ағза жоғалтатын ылғал арасындағы айқын теңгерімсіздік» , – деп атап өтеді Coral Club мамандары.
Жаһандық жағдай: «су тапшылығы дәуірі»
2026 жылдың қаңтарында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ университеті) ресми түрде әлемнің «су тапшылығы дәуіріне» аяқ басқанын мәлімдеді. Бұл кезеңде адамзаттың су тұтыну көлемі экожүйелердің табиғи қалпына келу мүмкіндігінен тұрақты түрде асып түсуде. БҰҰ-ның Су, қоршаған орта және денсаулық институтының (UNU-INWEH) деректеріне сәйкес, бүгінде 3 миллиардтан астам адам тұщы су тапшылығын сезінуде. Қазақстан да су ресурстарының тапшылығы қаупі жоғары аймақтардың қатарына кіреді. Жағдайды күрделендіретін қосымша факторлардың бірі — су ресурстары көлемінің тұрақсыздығы. Соңғы он жылда Қазақстандағы жаңартылатын тұщы су қорының көлемі жылына 79-дан 163 текше шақырымға дейін өзгеріп отырған. 2020–2022 жылдардағы қуаңшылық кезеңінде өзендердің ағысы шамамен екі есеге азайды. Соның салдарынан коммуналдық қызметтер жерасты су көздері мен пайдалану ұңғымаларын белсендірек қолдана бастады.
Судың сапасы және оны тұрақты тұтыну
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауыз су құрамындағы кейбір заттардың мөлшері рұқсат етілген шекті деңгейден тұрақты түрде асып түсетіні тіркелген. Мысалы, нитраттар үшін қауіпті шек 45 мг/л болса, ал фторидтер бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген 1,5 мг/л шегі жиі асырылады. Судың минералдануының жоғары болуы және сульфаттардың көп мөлшері оның дәмі мен басқа да органолептикалық қасиеттерін нашарлатады. Соның салдарынан адамдар тәуліктік су тұтыну көлемін физиологиялық қажеттіліктен төмен деңгейде ұстайды. Бұған қоса, сумен жабдықтау жүйелерінің тозуы да маңызды мәселе болып отыр. Алматы қаласында су құбырлары желілерінің тозу деңгейі 52%-ға, ал Ұлытау облысында 60%-ға жетеді. Соның нәтижесінде су тұтынушыға жеткенше құбырлардағы коррозия өнімдерімен қайта ластануы мүмкін.
«Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінде санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін судың үлесі шамамен 3% болса, орталықтандырылмаған көздерде (құдықтар, бұлақтар) бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін. Себебі жерасты су көздерінің химиялық құрамы көбіне агрессивті келеді: су тым кермек, тұзды немесе металл дәмді болуы мүмкін»,, – деп түсіндіреді Coral Club мамандары.

Психофизиологиялық тұзақ: су қашан дәмсіз болып көріне бастайды?
Шұғыл континенттік климат пен судың қолайсыз химиялық құрамының үйлесуі жасырын сусыздану қаупін арттырады. Құрғақ әрі ыстық ауа райында ағза тыныс алу жолдары мен тері арқылы сұйықтықты қарқынды түрде жоғалтады. Алайда бұл процесс көбіне ешқандай айқын белгісіз өтеді: ауыздың құрғауы ұзақ уақыт байқалмайды, сондықтан адамға су ішкісі келмейтіндей көрінеді.
Сонымен қатар психологиялық фактор да әсер етеді. Жерасты суының өзіне тән немесе жағымсыз дәмі оның тартымдылығын төмендетеді, нәтижесінде адамдар қарапайым судың орнына шай, кофе немесе тәтті сусындарды таңдауға бейім болады. Осының салдарынан жасырын сусыздану синдромы қалыптасады: ағза жоғалтқан сұйықтықтың орнын толықтыра алмайды. Жедел сусызданудан айырмашылығы, бұл созылмалы жағдай біртіндеп дамып, айлар, тіпті жылдар бойы жалғасуы мүмкін. Бір қызығы, айқын шөлдеу сезімі көбіне ағзадағы сұйықтық мөлшері дене салмағының 1–2%-ына азайған кезде ғана пайда болады. Ал мұндай деңгейдегі сұйықтық тапшылығының өзі ағзаның көптеген физиологиялық қызметіне кері әсер етуі мүмкін.
Ағза сұйықтық тапшылығына қалай жауап береді?
Сұйықтықтың жетіспеуі зат алмасу процестерін бірден баяулатады. Мұндай жағдайда ағза шұғыл қайта бөлу механизмін іске қосып, қалған суды ең алдымен өмірлік маңызды мүшелерге жүрек пен миға бағыттайды. Соның салдарынан шеткі тіндерге су аз жеткізіліп, олардың қызметі әлсірейді. Нәтижесінде терінің тургоры төмендеп, ол серпімділігін жоғалтады. Ал буындардағы табиғи майлағыш қызметін атқаратын синовиальды сұйықтықтың көлемі азайғандықтан, олардың қозғалғыштығы төмендеуі мүмкін.
Ми ағзадағы суға ең бай мүшелердің бірі: оның массасының 70–75%-ын су құрайды. Сондықтан сұйықтықтың аз ғана тапшылығының өзі ойлау қабілетіне бірден әсер етеді. Созылмалы сусызданудың жиі кездесетін белгілеріне зейіннің шашырауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, мидағы «тұман» сезімі және когнитивтік реакциялардың баяулауы жатады.
Сонымен қатар гидратация жеткіліксіз болған кезде қан қоюланып, жүрекке оны айдау қиындай түседі. Нәтижесінде жасушаларға оттегі аз жеткізіліп, бұл созылмалы шаршау сезімінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Дұрыс су теңгерімін сақтаудың төрт қадамы
Қазақстанның құбылмалы климатында ағзаны жасырын сусызданудан қорғау — жүйелі тәсілді қажет ететін жеке міндет. Сарапшылар келесі төрт қарапайым қадамды ұсынады.
- Шөлдеу сезімін күтпеңіз. Шөлдегенді күтпей, суды алдын ала ішкен дұрыс. Тәуліктік сұйықтық мөлшері әр адам үшін жеке есептеледі және ауа райына байланысты қалыпты жағдайда дене салмағының әр килограмына 30 мл, қатты ыстықта немесе жоғары физикалық жүктеме кезінде 40 мл-ге дейін өзгереді. Қарапайым күнделікті әдеттерді қалыптастырыңыз: оянғаннан кейін бір стақан су ішіңіз, әр тамақтанар алдында және жұмыс арасындағы үзілістерде су ішуді ұмытпаңыз.
«Созылмалы аурулары бар немесе диспансерлік есепте тұрған адамдар міндетті түрде дәрігерімен кеңесіп, тек оның ұсынысы бойынша өзіне қажетті су мөлшерін тұтынуы керек», — деп толықтырады Coral Club компаниясының дәрігер-кеңесшісі Асем Садыкова.
- Судың сапасына көңіл бөліңіз. Тозған су құбырлары су құрамына әсер етуі мүмкін. Сондықтан судың химиялық талдауына сүйене отырып, қолайлы сүзгілеу жүйесін таңдау немесе қауіпсіз су көзін пайдалану маңызды.
- Суды тазарту мен минералдандырудың айырмашылығын ұмытпаңыз. Жұмсартылған немесе кері осмос арқылы тазартылған су табиғи минералдарының едәуір бөлігін жоғалтады. Мұндай суды үнемі тұтынған кезде ағза кальций, магний және натрий сияқты маңызды электролиттердің қорын олардың орнын толтырғаннан жылдамырақ жұмсай бастайды. European Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған мәліметтерге сәйкес, мұндай теңгерімсіздік көбіне бас ауруы, жалпы әлсіздік және тіпті жүрек айнуы сияқты белгілермен көрінуі мүмкін. Бұл ағзаға қажетті минералдардың тапшылығын білдіретін маңызды белгі болуы ықтимал. Сонымен қатар минералдарға кедей су жасушаларда нашар сақталады, сондықтан шөлдеу сезімі әдеттегіден әлдеқайда тез қайта пайда болуы мүмкін.
- Сарапшылар ұсынған шешімдерді таңдаңыз. Бүгінде гидратация — судың сапасын, құрамын және оның ағзаға әсерін зерттеуді қамтитын жеке ғылыми бағыт.

Саналы гидратацияның үш негізгі қағидасы
Coral Club компаниясының дәрігер-кеңесшісі Асем Садыкова:
«Кермектігі жоғары су немесе тозған қалалық су желілері жағдайында ағза ішілген суды сіңірудің өзіне-ақ көп энергия жұмсайды. Компаниямыздың мамандары дұрыс гидратацияның үш негізгі қағидасын атап көрсетеді: суды биожетімді минералдармен байыту, жасушаларды антиоксиданттық қорғау және су-электролит тепе-теңдігін қолдау»
Осы міндеттерді шешу үшін Coral-Mine, Pentokan және H-500 өнімдерінен тұратын арнайы желі әзірленген.
- Coral-Mine – Окинаваның ежелгі терең теңіз маржандарынан алынған минералды кешен. Ол суды кальциймен, магниймен және маңызды микроэлементтермен байытып, оның дәмін жұмсақ әрі жағымды етеді.
- Pentokan – құрамында калий, рибоза және С дәрумені бар электролиттік кешен. Ол жасушалық деңгейде су-тұз теңгерімін қолдауға көмектеседі.
- H-500 – жасушаларды қатты ыстыққа бейімделу кезінде күшейетін тотығу стрессінен қорғауға ықпал ететін қуатты антиоксиданттар кешені.
Бұл өнімдер сапалы суды алмастырмайды, керісінше оны тиімді толықтырып, ағзаға тұтынған сұйықтықты барынша тиімді әрі ұқыпты пайдалануға көмектеседі. Қазақстанның климаттық жағдайында саналы гидратация қарапайым әрі түсінікті қағидалардан басталады: суды тұрақты ішу, оны сүзу және дұрыс минералдандыру.
Жасырын сусыздану механизмдері және оның алдын алу жолдары туралы толығырақ арнайы материалдан біле аласыз.
Бір стақан судан экологиялық жобаларға дейін
Coral Club халықаралық компаниясы үшін гидратация философиясы өнімдер желісімен ғана шектелмейді. Компанияның «Әлемді сумен қамтамасыз ету» (Hydrate the World) жаһандық миссиясы бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылып жатқан нақты экологиялық және гуманитарлық жобалар арқылы көрініс табуда.
Гидросфераны қорғау бастамасы 2022 жылы пластик қалдықтарына қарсы күрестен басталды. 4Ocean қорымен серіктестік аясында әлемдік мұхит пен қоршаған ортадан 17,5 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ал 2026 жылдың көктемінде Coral Club еріктілері мен Bałtyk қайырымдылық қоры Балтық теңізінің жағалауынан тағы 100 кг қоқыс жинады.
Тұщы су ерекше құнды аймақтарда оны қорғау да аса маңызды. Осы мақсатта компания Италиядағы Fonte di Speranza қорымен бірлесіп, Батыс Африкадағы (Сьерра-Леоне) гуманитарлық миссияны жүзеге асырып келеді. 2024 жылдың қараша айынан бері Coral Club Кумала (2024), Капендикор (2025) және Каякор (2026) ауылдарындағы үш негізгі ауыз су көзінің жұмысын қалпына келтірді. Әрбір жоба жергілікті әйелдерді су ресурстарын басқаруға үйретуді қамтиды, бұл олардың ұзақ мерзімді дербестігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Компанияның миссиясы, зерттеулері, өнімдері және халықаралық экологиялық бастамалары туралы толық ақпарат Coral Club ресми сайтында ұсынылған.
«Жаһандық өзгерістер әрқашан кішкентай қадамнан басталады — әр адамның қолындағы сапалы, ағзаға оңай сіңетін бір стақан судан, — деп атап өтті компания өкілдері. — Өз денсаулығыңызды жақсартуға алғашқы қадам жасаңыз: суды уақытында ішуді әдетке айналдырып, судың табиғи қасиеттерін ашуға көмектесетін өнімдерді қолданып көріңіз»




