Жетісуда бірінші жартыжылдықта 47 мыңнан тоннадан астам ет, 105 мыңға жуық сүт өндірілді

Жетісу облысында бірінші жарты жылдықта ет және сүт өндірісінде ілгерілеу бар. Атап айтсақ, өңірде өткен алты айда 47,2 мың тонна ет, 104,7 мың тонна сүт өндірілген. Жалпы, бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 68% жетті.

Өңірде 36 тауарлы сүт фермасы, 74 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Солардың бірі Талдықорған қаласындағы «Матаев» шаруа қожалығына тиесілі бордақылау алаңы. Мұнда тәулігіне 1 тоннаға дейін ет өндіріледі.

Бұл шаруа қожалығы ширек ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Десе де шаруашылықтың қарқынды дамуы 2019 жылдан басталды. Отбасылық кәсіптің қазір отбасының үшінші буыны басқарып келеді.

Шаруашылық меңгерушісі Аркен Қайратовтың айтуынша, кәсіпорынның қуаты бір мезгілде 4 мың басқа дейін ірі қара мал ұстауға жетеді. Мұнда мал ұстауға арналған жабық және ашық алаңдар қарастырылған. Малды күтіп-бағу процесі толықтай автоматтандырылған. Қазіргі уақытта бордақылау алаңында 500-ге жуық бұқашық семіртіліп жатыр.

Жетісу облысының әкімдігі.