Efes Art Space Adamdart әлеуметтік театрында «Үшінші сектордың жолдаулары» көрмесін ұсынады

Көрермен ақпараттық шудың дәуірінде белгілерді қабылдау тәжірибесінің бір бөлігіне айналады.

Almaty қаласындағы Adamdart әлеуметтік театрында Efes Art Space бастамасы аясында ұйымдастырылған «Үшінші сектордың жолдаулары» атты жаңа көрме ашылды. Бұл жоба дәстүрлі көрме кеңістігінің шеңберінен шығып, көрерменді өнер туындыларын сырттай бақылаушы емес, сигналдарды қабылдау мен жеткізу үдерісінің тікелей қатысушысына айналдырады.

Экспозицияға қазақстандық танымал суретшілер Катя Никонорова, Максим Субота және Асель Хайрула арнайы Adamdart кеңістігі үшін әзірлеген жаңа жұмыстары қойылған. Көрменің әлеуметтік театрда өтуі – Efes Art Space жобасының 2026 жылға арналған жергілікті мәдени бастамаларды қолдау стратегиясының бір бөлігі.

Жобаның негізгі тақырыбы – үздіксіз ақпарат ағыны жағдайындағы адамның өмірі. Бүгінде біз күн сайын сансыз мәлімет қабылдаймыз, алайда олардың молдығы өзімізді және айналамыздағы әлемді тереңірек түсінуге мүмкіндік бере ме? «Үшінші сектордың жолдаулары» көрмесі осы сұрақтарға ой жүгіртіп, ақпаратты қабылдау тәсілімізді қайта қарауға шақырады.

Көрмеге қатысқан әрбір суретші тақырыпты өзіндік шығармашылық тілі арқылы ашады.

Катя Никонорова интуитивті қабылдау мен адамның ішкі күйін зерттеп, сөзбен жеткізу қиын сезімдерді көркем бейнеге айналдырады.

Максим Субота табылған заттарды, графика мен инсталляцияны пайдаланып, материалдық және абстрактілі әлемнің түйіскен тұсында жаңа мағыналар қалыптастырады.

Асель Хайрула Орталық Азия мәдениетінің маңызды материалы – киізді жадының, өзгерістің және тарихи тамырмен байланыстың символы ретінде қолданады.

Efes Kazakhstan компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Эркан Альп:

«Efes Art Space қоғам үшін өзекті мәселелерді көтеретін және көрерменді заманауи қазақстандық өнермен таныстыратын жобаларды тұрақты түрде қолдап келеді. “Үшінші сектордың жолдаулары” көрмесі ақпараттың шектен тыс көптігі дәуірінде адамның әлемді қабылдау тәсілі қалай өзгеріп жатқанын ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Өнер маңызды сұрақтар қоюмен қатар, суретшілерді, сарапшыларды және кең аудиторияны біріктіретін мазмұнды диалог алаңын қалыптастырады деп сенеміз»

Efes Art Space кураторы Оля Веселова:

«Үшінші сектордың жолдаулары» идеясы өнерді тек бақылау нысаны емес, диалог пен әрекетке бастайтын құрал ретінде ұсыну ниетінен туды. Бұл көрме арқылы бүгінгі қоғам үшін қандай сигналдардың маңызды екенін зерттейміз. Ал сол сигналдарды қабылдайтын ең басты қатысушы – көрерменнің өзі. Журналистердің осы шығармашылық зертханаға алғашқылардың бірі болып келіп, қоғамдық диалогтың күшеюіне ықпал етеді деп сенеміз»

«Үшінші сектордың жолдаулары» көрмесі Efes Art Space бағдарламасының заманауи қазақстандық суретшілерді қолдау және мәдени диалогты дамытуға бағытталған бастамаларын жалғастырады. Жоба келушілерді күнделікті ақпарат тасқынынан сәл алыстап, қоршаған ортаға жаңа қырынан қарауға және заманауи өнермен өзара әрекеттесудің тың формаларын ашуға шақырады.

Көрменің өтетін мерзімі: 6–30 тамыз 2026 жыл

Өтетін орны: Adamdart әлеуметтік театры, Панфилов көшесі, 14, Алматы қаласы

Кіру тегін

Adamdart туралы

Adamdart – 2022 жылы Алматы қаласында құрылған тәуелсіз әлеуметтік театр. Театр азаматтық қоғам үшін өзекті тақырыптарды көтеріп, кәсіби әртістерді, 50 жастан асқан қала тұрғындарын және менталдық әрі физикалық ерекшеліктері бар адамдарды бір сахнада тоғыстырады. Театр құрамында инклюзивті студия, деректі театр зертханасы және түрлі білім беру бағдарламалары жұмыс істейді.