Huawei FreeBuds 5i жаңа сымсыз құлаққаптарына шолу

2023 жылдың басында Huawei компаниясы Huawei FreeBuds 5i деп аталатын сымсыз құлаққаптарды ел назарына ұсынды. Жаңа құлаққаптар өздерінің алдыңғы толқындағы FreeBuds 4i нұсқасын ұстанып, өте маңызды жақсы сипаттамаларға ие болды.

Huawei FreeBuds 5i құлаққаптарының Қазақстанда жарыққа шығатыны туралы Huawei Device компаниясы 1 наурызда хабарлады.

Nazarmedia.kz редакциясына жаңа Huawei Freebuds 5i құлаққаптары берілді. Бір апталық тесттік қолданыстан кейін жаңа гаджетке өз техно шолуды ұсынамыз.

FreeBuds 5i құлаққаптары барлық заманауи ережелерге сәйкес жасалған. Құлақ ішінде ыңғайлы орналасуы , шуды белсенді азайтуы, ұзақ автономиялық жұмысы және тіпті ылғалдан қорғау секілді талаптары сақталған. Бұл модель бірден үш түсте сатылады, өлшемі көптеген басқа модельдерден, соның ішінде Apple AirPods Pro-дан айтарлықтай ерекшеленбейді.

Бір апталық қолданыстан кейін келесі жалпы артықшылықтарын анықтадық:

  • Құлаққап қорабы шағын, тіпті джинсы шалбардың қалтасына сыйып кетеді
  • Эргономикалық құлаққап пішіні өте ыңғайлы, ұзақ қолданғанда да құлақта сезілмейді
  • Бір құлаққапты қолданған кезде де белсенді шуды азайтуға болады
  • Шуды азайту мүмкіндігі қосылған жағдайда батарея 5 сағатқа дейін жетеді
  • Құлаққапты сырғыту арқылы дыбыс деңгейін сенсор арқылы реттеу мүмкіндігі бар
  • AI Life қосымшасында арқылы құлаққап қызметін ыңғайлы қадағалау

Құлаққап арқылы музыка тыңдаған кезде келесі дыбыс артықшылықтарын аңғардық.

  • TWS дыбысы үшін акустикалық, динамикалық дыбыстар таза естіледі
  • Дыбыс төмен және жоғары жиілікке аздап баса назар аудара отырып, теңдестірілген
  • Басс дыбыстары көлемді, бірден аңғарылады
  • Дыбыс заманауи музыка жанрларына жақсы сәйкес келеді
  • LDAC кодекінің болуы ерекше қуантты

Бұл құлаққаптар AI Life қосымшасын іске қоспастан тек музыка тыңдау үшін ғана емес, кино көру, телефонмен сөйлесу, аудио хабарламаларды жазу, ойын ойнау кезінде қолданылған кезде де өте ыңғайлы болды.

Редакция тарапынан тесттік қолданыс нәтижесі бойынша Huawei Freebuds 5i  құлаққаптарына оңтайлы баға береміз